«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында 37 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

2021 жылғы 08 Шілде
- Жетісу облысы
7363 просмотров

Алматы облысында «Ashyq» жобасының 37 қатысушысы нысанда келушілердің тіркелмеуіне байланысты жобадан шығарылды. Жалпы өңір бойынша 893 нысан «Ashyq» аясында қызметін жалғастыруда.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, 806 нысан «Ashyq» жобасының қатысушы болып табылады, тағы 87 нысан сынақ режимінде жұмыс істейді.

«Ashyq» жобасы іске қосылған уақыттан бастап нысанда келушілерді тіркеу саны бойынша 9 көшбасшы-қатысушы анықталды. Оларға «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі берілді. Жобаның 37 қатысушысы жергілікті атқарушы органның хаты негізінде нөлдік көрсеткіштері себебінен жобадан шығарылды. Аталған нысандарда QR-код бойынша келушілерді тіркемеу фактілері анықталған. Жобаның көшбасшылары мен аутсайдерлерінің тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланған», - деді Әсет Шаяхметов.

Айта кету керек, қазір «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға келушілер тек «Ashyq» қосымшасын ғана емес, Aitu, Egov mobile, Kaspi.kz, Halyk Homebank, Sberbank.kz платформаларын да пайдалана алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер