«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көксу ауданында 30 адам сән мамандықтарына тегін оқып шықты

2021 жылғы 03 Шілде
- Жетісу облысы
4015 просмотров

Алматы облысының Көксу ауданындағы «Булкарова» оқу орталығынан 30 адам сән саласының маманы атанды. Олар «Шаштараз», «Тырнақ шебері», «Бет арлеуші», «Косметолог» мамандықтары бойынша тегін үш айлық оқу курстарынан өтті.

Оқу орталығының жетекшісі Айсұлу Булкарованың айтуынша, 30 маусымда кезекті оқыту аяқталып, білім алушылар емтихан тапсырды.

«30 білім алушылардың бесеуі қызыл, 25-і көк түсті мемлекеттік куәліктермен марапатталды. Олардың 85%-ын оқу орталығы жұмыспен қамтиды. 50% білім алушылар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, грантқа ие болып, өз кәсіптерін ашпақшы. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қысқамерзімді оқуға жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Олар Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, қажетті мамандық бойынша білім алып, шәкіртақы ала алады», - деп атап өтті ол.

Аттестациялауға Көксу аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Утешбаева, «Алтын Адам» Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдыө бірлестігінің төрайымы Динара Бакирова және Көксу ауданы Халықты жұмыспен қамту орталының директоры Айдын Жүнісов комиссия мүшелері ретінде қатысты.

Айта кетсек, оқу орталығы Көксу ауданының Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен 2019 жылы ашылып, өткен жылы алғашқы оқу курсын бастады. Келесі жылы оқу орталығы кеңейтіліп, нарық талаптарына байланысты  сұранысқа ие «Даяшы», «Үй тазалаушы», «Бала күтуші», «Аспазшы» мамандықтарына оқу курстарын жүргізуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер