«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 02 Шілде
- Жетісу облысы
5318 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында Алматы облысының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Кеңестің кезекті отырысына сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, "QazTrade" АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмат Бәкіров қатысты, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы Мейрамгүл Шәкірова, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен экспорттаушы кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Кеңес мүшелері мен отырысқа қатысушылар "QazTrade" АҚ қызметінің негізгі бағыттары мен мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды, өңірлік экспорттық стратегия жобасы айтылды.

Белгілі болғандай, өткен жылы өңірдің 24 кәсіпорны 500 млн теңгеден астам сомаға шығындардың бір бөлігін қайтарылды, сондай-ақ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында алты компанияға 370 млн теңге сомаға қолдау көрсетілген. Alibaba сауда алаңында 10 компанияның алтын шоттары бар және 5 компания экспорттық акселерацияның қатысушылары болып табылады.

"QazTrade" АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлының айтуынша, ұлттық компания экспорттаушылар үшін бірыңғай терезе болып табылады және талдамалық қолдау көрсетуді, акселерациялық бағдарлама шеңберінде экспорттық құзыреттерді проактивті өсіруді және халықаралық электрондық сауда алаңдарына шығаруды қоса алғанда, мемлекеттік қолдаудың барлық қажетті қаржылық емес шараларын көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ, экспорттаушыларға логистика мәселелері бойынша қолдау көрсетіліп, мемлекеттік қолдаудың сервистік шаралары ұсыныла бастады.

"Біз Компанияның диагностикасы мен оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, сапалы аналитика мен консалтингтік қызметтер көрсетуге дейін отандық өнім өндірушілерді қаржылай емес қолдаудың қажетті спектрін қалыптастырдық. Экспорттық акселерация бағдарламасының екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы экономиканың түрлі салаларындағы 100 кәсіпорын іріктеліп алынады, олар тереңдетілген оқытудан және дайындықтан өтіп, сондай - ақ өз өнімдерін әлемдік аренада ұсына алады", - деді өз сөзінде "QazTrade" басшысы Азамат Асқарұлы.

Сондай-ақ, QazTrade Academy білім беру бағдарламасын іске асыру, шығындардың бір бөлігін өтеу құралдары мен сервистік қолдау шараларының мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда.

Сұрақтар мен жауаптар барысында компания өкілдері шығындардың бір бөлігін өтеу, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сұрақтар қойды.

Мәселен, азық-түлік өнімдерін ірі өндірушісі "Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС директоры Бернард Вавржин экспорт кезінде ҚҚС қайтару мерзімінің өзгеріске ұшырайды ма деп сұрады.

"Бүгін біз өнімнің 80% - дан астамын экспорттаймыз. Біз үшін экспорттық ҚҚС қайтару маңызды, бұл шамамен екі миллиард теңге. Болашақта экспорттық ҚҚС қайтару бойынша қолдау көрсету жоспарланып отыр ма?", - деді "Маревен Фуд Тянь-Шань" басшысы.

"QazTrade" АҚ өкілдері экспорт кезінде ҚҚС қайтару мерзімін жеңілдету мәселесі 2019 жылы "Атамекен" алаңында көтерілгенін айтты. Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың белсенді талқылаулары мен ұсыныстарынан кейін, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚҚС тауарларын экспорттау кезінде компанияларға 50% автоматты түрде қайтарылады, қалған жартысы тексеру жүргізілгеннен кейін өтеледі. Ол үшін компаниялар тауардың шығу тегі туралы сертификатқа және өнеркәсіптік сертификатқа ие болуы керек.

Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға, "QazTrade" АҚ-ға экспортты ілгерілету, өңірдегі экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер