«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында үй шаруасындағы әйел тігін цехын ашты

2021 жылғы 13 Сәуір
- Жетісу облысы
5447 просмотров

Ұйғыр ауданының Шонжы ауылының тұрғыны Юлдуз Тұраева мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке тігін цехын ашты.

2019 жылы Юлдуз Тұраев кәсіп бастау ниетімен Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бастау Бизнес» оқыту жобасына жазылды. Оқыту барысында Юлдуз тоқыма бұйымдарын шығару жобасын әзірледі. Нәтижесінде жоба «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 500 000 теңге көлемінде грантқа ие болды.

«Жастайымнан тігін ісімен айналысуды армандайтынмын. Басында хобби ретінде қарадым. Үй іші мен туыстарыма жиынтықтар жасап жүрдім. Осыдан кейін мен бұл хоббиді жеке кәсіпке айналдыруды шештім. «Атамекеннің» аудандық филиалы тарапынан маған бизнесті ашу және дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетілді. Қазір біз тоқыма өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарамыз. Өнімдер тек біздің ауданда ғана емес, көршілес аудан мен қалаларда да үлкен сұранысқа ие», - дейді жас кәсіпкер.

Гранттық қаржыландыруға Юлдуз Тураева заманауи тігін жабдықтарын сатып алды. Оның айтуынша, өнімдер «Baby comfort» брендімен «Шонжыда жасалған» маркасымен шығарылады.

Тігін цехында жеті адам жұмыс істейді. Олар барлық түрдегі тоқыманың 25 түрін жасайды, оның ішінде қалыңдықтың жасауы, перзентханадан шығару жиынтықтары, әр түрлі жастағы балаларға арналған жиынтықтар, ас үйге арналған жиынтықтар, төсек-орын жиынтықтары, қонақ бөлмеге арналған жиынтықтар, жүк көліктеріне арналған перделер, қыздар мен жаңа туған нәрестелерге арналған киімдер және басқалар.

Осы жылы кәсіпкер өндіріс көлемін арттыру мақсатында қосымша жабдықтар сатып алып, жобаны кеңейтуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер