«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Kelun-Kazpharm" ЖШС Қарасай ауданына 20 000 бетперде сыйлады

2020 жылғы 20 Наурыз
- Жетісу облысы
4907 просмотров

Алматы облысының бизнес-қоғамдастығы коронавируспен күресуге белсенді қатысуда.
Бүгін «Kelun-Kazpharm»  ЖШС Қарасай ауданының әкімдігіне 20 000 бетперде бөлді. Осы іс-әрекетті серіктестік коронавирус пандемиясына қарсы күрес кезінде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты жүзеге асыруда. Компания өкілдері аудан әкімдігіне өз көліктерімен әкеліп, бетперделерді әкімдік қызметкерлеріне тапсырды.


"20 000-нан он мың маскалар аудандық ауруханаға, халыққа қызмет көрсету орталығына, аудандық ішкі істер бөліміне және әкімдік қызметкерлеріне бөлінді. Қалған он мың резервте тұр. Егер қажет болса, біз басқа мекемелерге да береміз. Қарасай ауданының кәсіпкерлері медициналық маскалардың жетіспеушілігіне байланысты жағдайда көмек көрсетуде. Мұндай әрекеттер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін естерінде ұстайтынын білдіреді.  "Kelun-Kazpharm" ЖШС - не үлкен алғысымызды білдіреміз", - дейді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақдәулет Талипов.
Аталған зауыт 2014 жылдың шілде айында іске қосылды және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында фармацевтикалық өнімнің ірі өндірушісі болып табылады. Зауыт Алматы облысының аумағында орналасқан және фармацевтикалық өнімді екі желі бойынша үлкен көлемде өндіруге мүмкіндік береді.
Мұндай акцияларға болашақта басқа да бизнес-қауымдастықтар қатысады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер