«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Кеген аудандық филиалының директоры кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді

2020 жылғы 28 Қаңтар
- Жетісу облысы
4622 просмотров

Бүгін Алматы облысының Кеген ауданында Кәсіпкерлер палатасының филиал директоры жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Есептік кездесуде кәсіпкерлер палатасының Кеген аудандық филиалының директоры Жанна Қырғызалықызы 2019 жылда жасалған шаруаларына есеп беріп, 2020 жылғы жоспарларымен тұрғылықты кәсіпкерлерді таныстырды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 2475 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелсе, бүгінгі күні оның 2 212 нысаны жұмыс істеп тұр. Директордың айтуынша ауданға тиесілі 710298 га жердің 28 807 га көлемі егістікке, 198 647 га жері жайылымға, ал 20 419 га жері шабындыққа берілген. Қазіргі күні аталған жер иелері өздеріне тиесілі жерді мүмкіндігінше игеруде.

«Былтыр Кеген аудандық филиалында 231 бизнес-жоспарлар жасалынды. 2019 жылда ауданның кәсіпкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларына шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша филиалдың менеджер-кеңесшілерімен барлығы 480 кеңес берілген. Оның ішінде, кәсіпкерлерге 95 сервистік, бухгалтерлік қолдау көрсетілген. Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен 46 кәсіпкер Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қорынан 223 540 000 теңге, Аграрлық несие корпорациясынан қарапайым заттар экономикасы бағдарламасымен 17 000 000 теңге несие алды», - дейді кәсіпкерлер палатасының Кеген аудандық филиалының директоры.

Сонымен қатар, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Садықов Бауыржан мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып мал санын көбейтіп жатқандарға онлайн түрде субсидия қалай алуға болатынын түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сауалдар да қойылды. «Замира» жеке кәсіпкерлігінің иесі Намазбаева Замира мобильді аударымдар үшін салық төлеу бойынша салық мәселесін түсіндіріп беруді өтінді. Ол сұраққа мобильді аударымдар үшін ешқандай салық салынбайтынын аудандық кірістер басқармасының басшысы Е.Игембаев түсіндіріп берді. Келесі сұрақты Айгүл Кукубаева қойып, базарда онлайн кассалық аппараттың қымбаттығы және оны қосатын электр нүктесі қиындық туғызатын айтқанымен, аталған онлайн касса аппараты заңға сәйкес қосылуы керектігі түсіндірілді.

Жиын соңында аудан кәсіпкерлеріне онлайн касса мобильді қосымшасын тіркеуге көмектесу және арпа, бидай тұқымдарын дайындау бойынша шаруа қожалықтарына көмектесу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер