«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының Ұйғыр ауданында «Атамекен» ҰҚП филиал директоры кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді

2020 жылғы 21 Қаңтар
- Жетісу облысы
6055 просмотров

 

Бүгін Алматы облысының Ұйғыр ауданында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиал директоры жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Есептік кездесуде кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Мүслім Амангелді  2019 жылда жасалған шаруаларына есеп беріп, 2020 жылғы жоспарларымен тұрғылықты кәсіпкерлерді таныстырды.

Атап айтқанда Ұйғыр ауданында қазіргі күні скрининг нәтижесі бойынша 4139 кәсіпкерлік субъект тіркелген. Онда қазіргі күні 7423 адам жұмыспен қамтылған. Аталған кәсіпкерлік орындарынан былтырғы жылы бюджетке 443,0 млн.тг түскен.

Директордың айтуынша ауданға тиесілі 875 752 га жердің 182 017 га көлемі ауылшаруашылыққа бөлінген. Оның ішінде  21 430 га көлемі егістікке,  140 572 га жері жайылымға, ал 3 935 га жері бау-бақшаға бөлінген. 

«2019 жылы аудандық филиал консультанттары тұрғындарға 1163 қызмет көрсеткен. Олардың ішінде бухгалтерлік және салық бойынша консультациялар саны 183 болса, қалған 980 қызмет кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар бойынша. Сонымен қатар, кесте бойынша аудандық кеңес мүшелерімен бірге барлық 14 ауылдық округ қамтылған»,- дейді   кәсіпкерлер палатасының Ұйғыр аудандық филиалының директоры Мүслім Амангелді.

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сауалдар да қойылды. Қазіргі уақытта ауданда балабақшаға баратын балалар санының артуына байланысты балабақшаларда топтарға қосымша қаржылай көмек керекітігін жеткізді.

Кәсіпкерлер тарапынан қойылған бір ұсыныс – қызметтерді 10 млн теңгеге дейін көтеру. Ал ол қызметтер бүгінгі күні 6 млн теңгені құрайды. Бұл ұсынысқа филиал директоры алдағы уақытта аудан әкімдігіне ұсыныс жасайтындығын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер