«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығымен Алматы облысының кәсіпорындары марапатталды

2019 жылғы 13 Желтоқсан
- Жетісу облысы
2535 просмотров

2019 жылғы ең үздік қазақстандық кәсіпорындар ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығымен марапатталды. ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын және «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсімі 13 желтоқсанда Индустрияландыру күні «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин, «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Алматы обласы бойынша ең үздік қазақстандық кәсіпорын атағына 7 компания қатысты: «Көгер» ЖШС, «Интеллсервис» ЖШС, «Новус Полимер» ЖШС, «КПК ZETA» ЖШС, «Будан» ЖШС, «Макс Дорстройсервис» ЖШС, «Адили Текстиль» ЖШС.

«КПК ZETA» ЖШС «Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын» деп танылды. Компания Қазақстан нарығында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Негізгі қызмет түрі жиһаз, өңделген бұйымдар мен пластикалық өнімдер өндіру болып табылады. Компания өнімнің 4 мың атауын шығарады, бұл ретте қазақстандық қамту үлесі 100% құрайды. Бұл ретте, компанияның айрықша ерекшелігі-өңделген пластиктен жасалған бұйымдар өндірісі болып табылады, бұл пластмассадан жасалған қалдықтарға қарсы күресте аса талап етілетін өзекті бағыттардың бірі болып табылады.

«Бизнес Кемелділік» - «Іскерлік жетілдіру» халықаралық сыйлығына «Адели Текстиль» ЖШС ие болды - ұлттық қазақ ою-өрнегі бар табиғи маталар мен аксессуарларды басып шығару бойынша инновациялық өндірісті алғаш рет енгізген компания. Саудадағы өз бизнесін дамыта отырып, компания су негізіндегі белсенді бояғыштарды қолдануға мүмкіндік беретін жеке әрлеу өндірісін іске қосты. Шығарылатын аксессуарлар қазақстандық ою-өрнекпен және мотивтермен сәнделген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы ұйымның өнімнің және/немесе қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын тапсыру жылдың басты оқиғасы болып табылады. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады, бұл байқаудың ел үшін маңызы зор екенін көрсетеді.

ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алуға арналған конкурстың негізгі мақсаты отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін жандандыру; Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу және халық арасында сапа идеясын көпшілікке тарату болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер