«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісу кәсіпкерлерінің аллеясына жаңа көшеттер отырғызылды

2019 жылғы 15 Сәуір
- Жетісу облысы
2948 просмотров

Алматы облысының Текелі қаласындағы Кәсіпкерлер аллеясына жаңа дем берілді

Жақында кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер аллеяға жас ағаштар отырғызды. Аллея моноқаланың дәл орталығында орналасқан және аз уақыт ішінде көрнекі жерге айналып үлгерді.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділовтың айтуынша, жасыл баққа 10 қайың мен 40 қызыл шаған отырғызылды.

«Біз жыл сайынғы дәстүр бойынша жаңа ағаштар отырғызамыз. Бірнеше жылдан бері бұл жер қаламыздың әдемі орнына айналды. Осыған кәіпкерлер бірлесіп күш жұмылдырып келеді», - дейді қалалық филиал басшысы.

Кәсіпкерлер аллеясы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2014 жылы ашылды. Моноқалаларда саябақтарды жаңғырту бағдарламасын қолдау мақсатында кәсіпкерлер жеке қаражаттары есебінен аллеяға орындықтар қойып, 100-ден астам қылқанды және жапырақты ағаш отырғызды.  

Еске салсақ, өткен жылдың сәуір айында Талдықорғандағы «Жастар» орталық паркінде  Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің саябағы ашылған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер