«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» мен «Бизнес Кеңесші» қатысушылары 2018 жылы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің үштен бірін құрады

2019 жылғы 18 Ақпан
- Жетісу облысы
3316 просмотров

2017 жылмен салыстырғанда бизнес субъектілерінің саны 6 мыңға жуық көбейді

Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Спикер шағын және орта бизнестің (ШОБ) тұрақты даму динамикасын көрсетіп келетінін жеткізді. 2018 жылы ШОБ саны 115,6 мың субъектіні құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 5,2% өсімді көрсетті.

«Айта кету керек, өткен жылы ашылған кәсіпкерлік субъектілерінің 1/3 – «Бастау» мен «Бизнес Кеңесші» жобаларының қатысушылары болып табылады», - деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Нариман Әбілшайықов «Бастау» жобасының іске асырылу нәтижелеріне де тоқталды. Аталмыш жоба арқасында жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтар жеке ісін ашып, 6% несие алуға мүмкіндік алды. 2018 жылы «Бастау» барлық аудандар мен қалаларда өткізілді. Оқығандардың саны екі есеге ұлғайып, 3361 адамды құрады. Жоба қорытындысы бойынша 916 жоба 2,5 млрд теңгеге қаржыландырылды.

1000-нан астам адам «Бизнес Кеңесші» атты екі күндік оқуға қатысты. Олардың ішінде 68 кәсіпкердің жобасы 222,8 млн теңгеге қаржыландырылды. Нәтижесінде жаңадан 135 жұмыс орны құрылды.

Баспасөз мәслихатында Палата басшысы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына 20 мыңнан астам кәсіпкер жүгініп, 25 мыңға тарта тегін сервистік қызмет алғанын айтты. Сервистік қызметтерді көрсету автоматтандырылып, кәсіпкерлердің 873 өтініші бойынша «Atameken Services» порталы арқылы онлайн режимде көмек көрсетілді.

«Іскерлік байланыстар» жобасы арқылы 80 кәсіпкер шетелде біліктілігін арттырса, «Аға сеньорлар» құрамы бойынша 4 кәсіпорын мемлекет есебінен шетелден сарапшы шақыртты»,– деді Н.Әбілшайықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер