«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Райымбек және Кеген аудандарында есептік кездесулер өтті

2019 жылғы 30 Қаңтар
- Жетісу облысы
3631 просмотров

Кездесулер барысында Кәсіпкерлер кеңесінің жаңа құрамы мен төрағасы сайланды

Райымбек және Кеген аудандарында ӨКП филиалдары директорларының бизнес-қоғамдастық алдындағы есептік кездесуі өтті. Жыл сайынғы кездесуде ӨКП Өңірлік кеңесінің төрайымы, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, аудандар әкімдері және кәсіпкерлер қатысты. Сонымен қатар жиынның күн тәртібінде Кәсіпкерлер кеңесі қызметінің негізгі бағыттары, сонымен қатар бизнес және биліктің 2019 жылы атқаратын жұмыс жоспары талқыланды.

 Жергілікті кәсіпкерлерді дамуы мен қолдау мүмкіндіктерін құру жаңа аудандар үшін басымдыққа ие бағыт болып қала бермек. Өткен жылдың сәуір айында ҚР Президенті Райымбек ауданын бөлу арқылы Райымбек және Кеген аудандарын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

 

 Іс-шараны ашып, Римма Салықова жергілікті билік өкілдерін кәсіпкерлерді жан-жақты қолдап, олармен өзара ынтымақты диалог құруға шақырды.

«Аудандардың шалғай орналасқанын есепке ала отырып, жергілкті билік бизнес-ортаға арналған қолайлы жағдай жасауы тиіс, сонда ғана жаңа объектілер ашылады, шетелдік инвесторлар келеді. Аудандардың ары қарайғы гүлденуі бизнес ахуалға байланысты болмақ», – деді Өңірлік кеңестің басшысы. 

 Ары қарай кәсіпкерлер Райымбек ауданы бойынша филиал директоры Дастан Ретаевтың және Кеген ауданы филиалы директоры Жанна Қырғызалықызының атқарылған жұмыс бойынша есебін тыңдады. Кәсіпкерлер, сондай-ақ түйтіклді мәселелерді жеткізіп, өз ұсыныстарын білдірді.

 Кәсіпкерлер арзан несиенің қолжетімдігі, өсімдік шаруашылығындағы субсидияның бөлінуіне қатысты сұрақтарын қойды.

 Кәсіпкерлердің айтуынша, ауылдық жерде кәсіп ашуда «Бастау» жобасы жақсы қолдау болған. Ауыл тұрғындары кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес ашуға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік алды. Былтыр қос аудан бойынша 131 адам оқып шықты. Оның ішінде 37 тыңдаушы кәсіп бастауға  жеңілдікпен несие алған. 

 Ары қарай Облыстық палатаның басшысы Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлер арасындағы жалпы республикалық сауалнаманың басталғаны жайында ақпарат беріп, кәсіпкерлерге арналған, 60 тегін қызмет түрін қамтитын «Atameken Services» порталы туралы хабарлады.

 Райымбек және Кеген аудандарындағы кездесулер барысында ашық дауыс беру арқылы Кәсіпкерлер кеңесіне мүшелер мен төраға сайланды. Айта кетелік, 2018 жылы аудандық (қалалық) іскерлік кеңестер мүшелерінің мерзімі аяқталды, сондықтан 2019 жылдың басынан бастап облыстық кеңестің мүшелері кәсіпкерлерді аудандық (қалалық) кеңестерге сайлау бойынша жұмысқа кірісті.

 Осылайша Райымбек ауданы Кәсіпкерлер кеңесіне «Өркен» шаруа қожалығының директоры Талғат Нүсіпқожаев сайланды. Кеген ауданындағы Кәсіпкерлер кеңесіне және Іскер әйелдер кеңесі басшылығына «Жанбабаева» жеке кәсіпкерлігінің директоры Шолпан Жанбабаева сайланды. Кеңестер құрамына барлық жеті аудан кірді.

Кездесу нәтижесінде ӨКП филиалы мен аудандық әкімдіктер арасында 2019 жылға арналған өзара қарым-қатынас орнату бойныша жоспар әзірленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер