«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер шағымынан кейін салық қызметкері ескертпе алды

2017 жылғы 04 Тамыз
- Жетісу облысы
5459 просмотров

Кәсіпкер мемлекеттік орган қызметкерінің дөрекілігіне наразы

Кәсіпкердің шағымы түскен соң Талдықорған қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының қызметкері ресми іс-қағаздарын жүргізудегі талаптарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ескертпе алды. Осыған дейін Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының қызметкері мен кәсіпкер арасында құжаттарға қатысты дау туған. «ДаСу-Шабыт» ЖШС жетекшісі Айбек Асылхановтың айтуынша өкіл мемлекеттік қызметкер этикасын бірнеше рет бұзған.

«Біз жұмыс істейміз, қателісеміз, салықтық берешегіміз де жоқ емес. Дегенмен, қарызымызды бөліп болса да төлеуге тырысып отырмыз. Банкротқа түскеніміз жоқ. Осындай жағдайымыз ешбір мемлекеттік орган қызметкеріне дөрекі сөйлеуге құқық бермейді. Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының қызметкерімен тілдескен сайын фирма бухгалтеры жылап келетін. Мемлекеттік қызметкер жұмыстағы тәртібімен орындап,  өзгелерге үлгі болуы  керек қой», деп кәсіпкер өтінімде жазылған.

 Келенсіз оқиға орын алған соң кәсіпкер бірден Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған. Тиісті шараларды қолдану үшін Палата ҚР Мемлекеттік қызмет істеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне ресми хат жолдады. Осы шаралардан кейін  Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тексеру жүргізді. Алайда қызметтік этиканы бұзу фактілері анықталмады. Осыған қарамастан департамент Талдықорған қаласы басқарамасы қызметкерлеріне арнап мемқызметкерлер этикалық кодексі бойынша семинар өткізді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер