«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы 300 жұмыс орнын қорғап қалды

2017 жылғы 05 Мамыр
- Жетісу облысы
7008 просмотров

ӨКП басшысы Өңірлік кеңес алдында есеп берді 

Талдықорған қаласында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, облыс әкімі Амандық Баталов, Өңірлік кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен даму институттары өкілдері қатысуымен Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Чинкисбаева өзінің баяндамасында ӨКП жұмысы көрсеткіштерінің екі есе өскенін хабарлады.

Өтінімдердің 65%-ы оң шешілген

«Былтыр бізге кәсіпкерлікті қорғау бойынша 379 өтінім түсті. Оның 65%-ы кәсіпкер пайдасына шешілді. Қорғалған құқықтар 772 млн теңгені құрады», – деп атап өтті Палата директоры.  

Мәселен, кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшылары «Шымыр» ЖШС-ға қатысты мемлекеттік сатып алуларда жалған кәсіпкер деген экономикалық соттың  шешімін алып тастады. Осылайша 300 тұрақты жұмыс орны қорғалып, компания 400 млн теңгег  жуық айыппұлдан босатылды.  

Мемлекеттік сатып алулар бақылауда

Ләззат Чинкисбаева  мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Кеңес құрылғанын, сол арқылы 72 кәсіпкердің мәселесі (барлығы 75 өтінім түскен) шешілгенін айтты.

«Айта кетелік, Кеңеспен анықталған мемлекеттік сатып алуалардағы заңнаманы өзгерту бойынша 3 мәселе Үкімет қарауына жіберілді», – Ләззат Чинкисбаева.   

Кеңестің көмегімен мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушерімен 0,6 млрд теңге сомасында келісімдер жасалған.   

«Мемлекеттік сатып алуларда жалған кәсіпкерлер деп танылған 17 кәсіпкерге сот жұмыстарында қолдау көрсеттік. Сот 15 кәсіпкерге қатысты оң шешім шығарды, қалған 2 кәсіпкер ісі бойынша сот өтінмді жартылай ғана қанағаттандырды, жекелей үкім шығарылды.  Біздің сарапшылар 1 млрд теңгені құрайтын 120 байқау құжаттарын дайындауға көмектесті», – деді Л.Чинкисбаева.

Тарифтерді өзгерту керек

Директор билік өкілдері мен бизнес-қоғамдастықтың назарын тарифтер мәселесіне аударды.  

Оның айтуынша облыстағы тарифтер республика бойынша ең жоғары. 2009 жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласындағы табиғи монополиялары субъектілеріне қатысты инвестициялық саясат енгізілді. Бұл жүйе энергетика саласында оң өзгерту жасайды деп күтілген.  Инвестициялық саясат энергетикалық компанияның тарифы арқылы қаржыны салу және қайтару бойынша  инновациялық бағдарламаларды әзірлеуді көздеген.   

«Алайда электр қуатына тарифтер жыл сайын өсіп, салынған қаржыны қайтару жұмыстары байқалмайды. Қаржыны қайтару шығындар азаюы есебінен жасалу керек. Мәселен, 2016 жылы өңірлік электрожелілік компанияның бірінде тариф жобасы 1 млрд теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық бағдарламаның сомасы 507,5 млн теңге болған. Сондықтан табиғи монополиялардың инвестициялық саясатын қайта қарастыруды ұсынамыз. Сонымен қатар аталмыш бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейту керек», – деді Палата директоры.

Ләззат Чинкисбаева Кеңестің кеңейтілген отырыс қатысушыларына «Бизнестің құқығы қорғауда» және «Жүзеге асқан жобалар» атты тізбекті, «Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру негіздері. Тәжірібиелік ұсыныстар» атты кооперация құру оқу құралын таныстырды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер