«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудандық кеңес: бизнес пен биліктің арасындағы жаңа дәнекер

2016 жылғы 21 Шілде
- Жетісу облысы
6663 просмотров

Панфилов, Ұйғыр және Райымбек аудандарында Кәсіпкерлер кеңесі құрылды

Кәсіпкерлер палатасы облыстағы барлық аудандарды аралап шықты. Ауылдағы елге аудандық кеңестер немен айналысатындарын түсіндіріп, жалпы кәсіпке деген халықтың пікірін білмекке барды.

Кездесу ашық сұхбат ретінде жүрді. Ең басында филиал директорлары жарты жыл бойы тындырған жұмыстарының есебін берді. Содан соң сұрақ қойылып, жауап беру жалғасты. Жергілікті кәсіпкерлер өңірлік кәсіпкерлер филиалдарының жұмысы туралы өз пікірлерін айтып өтті.

«Филиалдың қандай жұмыс атқарғанын кәсіпкерлер ғана бағалай алады. Өйткені, олар Палатаның қызметкерлерімен тікелей байналыста болады. Солардың жұмысын бақылайды», – деді ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева. Ол ауыл кәсіпкерлеріне белсенді болу керек дегенді ескертті. «Егер жиналып қалған мәселені осындай кезде көтермесеңіздер, оларды ешкім ешқашан шешпейді. Ауырып қалсаңыз да жедел жәрдемге хабарласпай тоң-теріс жатып алған сияқты жағдай бұл. Өтініш айту – мәселенің шешім табуының алғашқы сатысы», – деп атап өтті ӨКП директоры.

Кеңестің қарарларын таныстырып болған соң, қатысушылар мүшелікке кіретін кәсіпкерлерді ұсынуды сұрады. Бірнеше аптадан соң, кеңестің мүшелері анықталып, жұмысын бастамақ.

Аудандық кеңестердің ашылуын жергілікті билік қолдады. Билік Палатаға «кәсіпті дамыту мен қорғауға жасаған баға жетпес үлесі» үшін алғыс айтты. Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тоқтасынов жергілікті филиалды әкімдіктің басты серіктесі деп атады.

«Екі жарым жыл бойы палата біздің ауданда көптеген маңызды жақсылықтарды жасады. Кәсіпкерлерді қорғау бойынша кеңестер беріп келеді. Бизнесті дұрыс жүргізуді үйретіп жатыр. Мемлекеттік органдардың сапалы қызмет көрсетуіне көмектесіп, мониторинг жасап отырады», – деді аудан басшысы.

Аудандық әкімдіктермен бұдан да тиімді байланыс орнату үшін ай сайын кеңес мүшелері «галстуксіз» кездесулер ұйымдастырып тұруға келісті.

«Облыс әкімі Амандық Баталов тоқсан сайын өңірлік палата мүшелерімен кездесу жасап отырады. Сол арқылы емен-жарқын кездесу кезінде кәсіпкерлерден жергілікті және атқарушы органдардың қызметі туралы сұрап, біледі. Ескерту мен өтініштерді жазып алады. Биліктің кәсіпкерлікпен ең ұтымды байланысы осы. Аудан әкімдеріне де галстуксіз кездесу ұйымдатырып тұруларына кеңес беремін», – деді ӨКП директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Оның айтуынша, еркін әңгіме кезінде ауылдық әкімдердің ақпаратын тексеріп алуға уақыт қалады.

Алматы облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің басшысы Римма Салықова, кәсіпкерлердің құқын қорғау кеңесінің төрағасы Баниямин Файзуллин ұйымды басқару тәжірибесімен бөлісті.

Кәсіпкерлердің мәселелері мен ұсыныстары да тыңдалды. Құқықтық бағыттағы сауалдарға жауапты Кәсіпкерлердің құқын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Әділет Сұлтанбек берді, кеңестерін де сол жерде айтып өтті.

Әлеуметтік мәселелерді Адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаева тыңдады. Мысалы, Панфилов ауданының кәсіпкерлерін шағын несие мәселесі қатты толғандырады. Олардың айтуынша, несие беру бұдан да өолжетімді қалыпқа өтуі тиіс. Шаруа қожалықтары мен фермерлер қаржылай қолдауды Агробанк ашу және жергілікті микронесиелік ұйымдар ашу арқылы шешуге болатын шығар дегенге келтірді.

Ұйғыр ауданында кәсіпкерлік субъектілерінен жұмысшы топ құрмақшы. Ол топ пайдалы қазбаларға салынатын салық мәселесін шешуді ойластырады. Салық төлеудегі өзгерістер көптеген компанияны банкроттыққа ұшыратпақ. Premium Spa Resort демалыс орынының өкілі су пайдаланушылар өз өзгерісін енгізіп, базалық ставканы өзгертуге үлес қоспақ екенін айтты.

Райымбек ауданында кәсіпкерлерге арналған жеке кездесу ұйымдастырылды. Өйткені, кәсіпкерлердің облыстық Палата мамандарына көптеген сауалдары жиналып қалған екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер