«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокурорлармен сұхбат

2016 жылғы 07 Шілде
- Жетісу облысы
7965 просмотров

Панфилов ауданы филиалы мен прокуратура органдары бірлесіп, кәсіпкерлермен кездесулер өткізуде

Прокуратура органдары бизнесті қорғау саясатын жүзеге асыруда Кәсіпкерлер палатасын бас әріптесі санайды. Тиімді әріптестіктің айқын үлгісін Палатаның Панфилов ауданындағы филиалы танытып келеді. Аудандық прокуратурамен бірлесе отырып шұғыл топ құрылып, шаралар жоспары әзірленді. Жыл басынан бері филиал өкілдері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, ауыл кәсіпкерлерімен кездесулер өткізіп келеді.

Шолақай ауылдық округінде өткен дөңгелек үстелге шаруа қожалықтарының басшылары мен фермерлер қатысты. Жеке кәсіпкерлер мемлекеттік органдар өкілдерінің алдында ең өзекті деген мәселелерді көтерді.

«Негізінен бизнесмендерді субсидиялар алу мен басқа да мемлекеттік қолдау шаралары, кооперация құру, салық заңнамасындағы өзгерістер қызықтырады. Барлық сұрақтар түсіндіріліп, кейбірі мемлекеттік органнның қабылдауына жазылды», – деп атап өтті филиал басшысы Азамат Байғұттиев.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасына дер кезінде келуге кеңес берді, өйткені тезірек келгеніне байланысты мәселесі де тиімдірек шешіледі.

«Даулы мәселелер кезінде кәсіпкерлердің көбі сот органдарына бармайды. Өз әрекетінің дұрыстығына сенімді болса да, уақыт пен сот дауларына жұмсалатын қаражаттың жетіспеуінен олар сотқа барудан және заң шеңберінде өз құқықтарын сақтап қалудан бас тартады. Палатаға көмек сұрай келгеннен кейін заңгер сіздердің істеріңізді тегін жүргізеді. Жақында Палата «Жібек сервис» компаниясын күйреуден сақтап қалды. Сотта заңгер мемлекет тарапынан жіберілген құқық бұзушылықты дәлелдеп, нәтижесінде 9 миллионнан астам әкімшілік айыппұл жойылды», – дейді А.Байғұттиев.

Одан бөлек, прокуратура қызметкерлері тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы айтып өтті. Палата мамандары қадағалаушы органның көмек  беруінің арқасында кәсіпкерлік қызметтердің жолындағы көптеген заңсыз кедергілердің алды алынғандығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, жыл басынан бері кәсіпкерлерге қатысты заңсыз қылмыстық іс қозғау деректері анықталған еді. Барлық заңсыз қозғалған 16 іс пен прокуратура органдары жүргізген 13 іс тоқтатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер