«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру жолында

2016 жылғы 29 Маусым
- Жетісу облысы
9512 просмотров

Палатада жергілікті құрамға мониторинг жүргізу және отандық тауар өндірушілерді ынталандыру жөнінде отырыс өтті

Электр құралдарын дайындау саласында отандық тауар өндірушілерді ынталандыру мәселесі отырыстың басты тақырыбына айналды. ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Айдар Қажымұқан Алматы облысы бойынша электр құралдарына сұранысы туралы мониторинг қорытындыларын ұсынды.

«2015 жыл ішінде облыс бойынша 35 747,3  бірлік электр  құралы сатылды. 2016 жылы қаңтардан мамырға дейін 40 108 электр құралы сатылды. Электр құралдары бағалары – 3100 теңгеден 11250 теңгеге дейін», – деп тізді сарапшы.

Отырыста «ТАТЭК», «Жетысу энерго трейд» және «Азия Электрик» компаниялары арасындағы бұрынғы жанжал шешілді. Соңғысының өкілі екі компанияның қызметкерлері электр есептеуіш  орнатар кезінде бәсекелестік ережелерін бұзып, басқа компанияның құралдарын орнатуды табандап тұрып ұсынады деп наразылығын білдірді. Алайда «ТАТЭК» және «Жетысу энерго трейд» өкілдері өз іс-қимылдары себептерін негіздей алмады. Келіссөздерден кейін бизнесмендер арасындағы дау әділ бәсекенің пайдасына шешілді.

Комиссияның бұл мәжілісі іс жүзінде ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Осылайша «Омега-Прибор» және «Өнеркәсіп сорғылары»  компаниясының тұсаукесерлері өткен соң, екі кәсіпорын өнімге қызығушылық танытты, жалпы сомасы 1 млн 800 мың  теңге болатын ұңғыма сорғыларын сатып алу жайлы келісім-шарт жасаспақшы.

«Бұл батырма сорғылар диаметрі 4-6 дюйм болатын ұңғымадағы терең шыңыраудан таза су көтеріп алуға мүмкіндік береді. Жоғары сапалы материалдар мен осы заманғы конструкторлық әзірлемені кеңінен қолданудың арқасында ұңғымаларға арналған терең сорғылар гидравликалық және электр тиімділігі бойынша заманның ең соны талаптарына сай келеді. Сорғылар сенімді және осы заманғы электр двигательдерінен жинақталған», – деп түйіндеді ойын «Өнеркәсіп сорғылары» ЖШС бас инженері Юрий Чугайнов.

Сонымен бірге комиссия мүшелері ТКШ басқармасы мен құрылыс  басқармасына компания өніміне көңіл бөлуді және бұдан былай ынтымақтасуды ұсынды.

Еске сала кетейік, комиссияның алғашқы отырысында 20 фирманың басшысы құрылыс компанияларын ынталандыруды және жобалық-сметалық құжаттар дайындау мәселесін талқылаған еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер