«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өз ісіне адал жан

2016 жылғы 17 Маусым
- Жетісу облысы
7843 просмотров

Алматы облысының кәсіпкері ҰКП медалімен марапатталды

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі, «Текелі тау-кен өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры Бақыт Шалбаевқа бизнесті дамытуға және белсенді қоғамдық жұмысқа қосқан үлесі үшін «Ісіне адалдығы үшін» медалі тапсырылды. Мұндай жоғары дәрежелі марапатты оған ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев тапсырды.

Осылайша өңірдегі бизнес-қоғамдастық Бақыт Шалбаевтың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, Текелі қаласының Кәсіпкерлер палатасының филиалына көрсеткен қолдауын атап өтті десе болады. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің құрамында жүріп өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешуге көмектесті. Бизнесменнің еңбегі қала және облыс басшылығының алғыс хаттары арқылы да еленіп келеді.

Бақыт Шалбаевтың басшылығындағы Текелі тау-кен өңдеу зауыты Дуальды оқыту жол картасының белсенді қатысушысы болып саналады. Әр жылы Текелі кәсіптік колледжі кәсіпорынға арнап техникалық мамандарды даярлайды. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда «Текелі тау-кен өңдеу кешені» ЖШС қала құраушы кәсіпорындардың бірі болып саналады. Зауыт базасында біріктіру ауданы 78 м2 болатын, 102 м2 суыту аймағы бар, көлемі 206 текше метрге тең екі домендік пеші бар және жалпы өнімділігі жылына 400 000 шойынды құрайтын агломерациялық цех құрамында металлды қайта қорыту жүйесі салынуда. Аталған жоба өңірде қосымша 400 жұмыс орнын құрады, бұл Текелі қаласының әлеуметтік саласына оң әсерін тигізбек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер