«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Туристерге арналған навигатор

2016 жылғы 20 Сәуір
- Жетісу облысы
10074 просмотров

ӨКП Алматы облысының «Визит карточкасын» әзірлемек

Талдықорғанда туризм және спорт комитетінің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. Комитет Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен, туризм мен спорт мәселелерін шешу үшін бизнес-қауымдастықтар мен мемлекеттік билік органдарының өзара тиімді байланысы мақсатында құрылған еді.

Сонымен қатар, комитетке заңнамаға талдау жасау және оны жетілдіру, туристік қызметтерді, спорттық оқиғаларды іске асыратын халықаралық және басқа да ұйымдармен әріптестікті нығайту міндеттері де жүктелген.

Комиссия құрамына Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, турфирмалардың, туроператорлардың, спорттық ұйымдардың, федерациялардың, туризм және спорт басқармасының басшылары енген. Қазіргі уақытта кеңесші орган Алматы облысының Визит карточкасының және Туризмді дамыту жол картасының таныстырылымын әзірлеуде.

«Біз әзірлеп жатқан Алматы облысының Визит карточкасы жай ғана құжат немесе анықтамалық емес, кез келген адам туристік нысандарды еш кедергісіз таба алатындай бағдарлы картаға айналуы тиіс. Оған қоса, визитканы қалаған адам Қазақстаннан шет аумақтарда таныстыра алатындай, баршаға қолжетімді етіп жасау қажет», – деді Р. Хакимов.

Визит карточкасына Талдықорғанның көрнекі жерлері, Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай су қоймасы, тарихи-мәдени және табиғи қоры-мұражайлар, таулар мен курорттық аймақтар енгізілген.

Орталық Азия университетінің үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық әкімшілігінің өкілі Райхан Сейсекенованың пікірінше, визит-картаны көп функциялы құжатқа айналдыру қажет.

«Бұл таныстырылым біз үшін ұғынықты болғанымен, шетелдік турист немесе инвестор үшін көрсетілген бағыттар бойынша нақты бағдар жоқ, тамақтану, демалу, техникалық қызмет көрсету орындары көрсетілмеген, туроператорлар мен турагенттер туралы ақпараттар жоқ. Туристердің көпшілігінің біздің өлкемен таныс еместігін ескерер болсақ, осындай ақпараттардың жоқтығынан Жетісу жету жолы қиын аумақ болып қалып қояды», – дейді Р. Сейсекенова.

Осыған байланысты, Палатаның жобаларды сүйемелдеу бөліміне Индустрия және туризм комитетіне ұсыну үшін визит карточкасын толықтырып, Туризмді дамыту жол картасына бірқатар ұсыныстар енгізі туралы міндет жүктелді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер