«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Палатадан көмек сұрады

2016 жылғы 18 Сәуір
- Жетісу облысы
7996 просмотров

Мектепке дейінгі білім беретін жекеменшік мекемелер Қауымдастығы өңірлік кәсіпкерлер палатасының облыстық бөлімшесінің сарапшыларынан көмек сұрады.

Жекеменшік балабақшалардың басшыларымен кездесуге Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының адам ресурсын дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаева келді. Ол өзінің кіріспе сөзінде палатаның басты бағыттағы жұмыстарымен таныстырды.

«Кәсіпкерлер палатасына биыл үш жыл толады. Осы үш жылдың ішінде сомасы 1 млрд теңгеге шыққан кәсіпкерлер құқы қорғалды. Сотқа берілген істердің 13-і оң шешілді. Біздің сарапшылар кәсіпті жүргізуге кеңес беріп, қалай бастауды ғана үйретпейді. Іс жоспарын құруды, тегін кәсіптік курстар жүргізеді», – деп атап өтті А.Оңғарбаева.

Қауымдастықтың өңірлік бөлімшесінің басшысы әрі «Intellect city» балабақшасының директоры Маржан Ахмеджанова палатадан көмек сұрауының басты себебі, құқықтық және экономикалық кеңеске мұқтаждық екенін айтты.

«Ұлттық палатадан көмек сұраудан қысылмайық. Бұл ұйым барлық кәсіпкерлерге көмектеседі. Кәсіпкерлердің құқын қорғайды. Бізде кәсіпкерлер ортасынан шыққандықтан, бізге де барлық бағыттар бойынша кеңестер қажет. Мәселен, біздің мекемелерге қандай салық режимі тиімді болатынын бәріміз біле бермейміз. Мемлекеттік органдар тарапынан болатын тексерулердің қайсысы заңды екенін де біле бермейміз. Мемлекеттік бағдарламалар  туралы аз білеміз. Өзге де дамуға кедергі келтіретін маңызды деген құжаттар туралы анықтап алғанымыз жөн», – деді М.Ахмеджанова.

Жекеменшік балабақшаның директоры Күләнда Батырбекова өз әріптестерінің назарын тұрғын үй ғимаратын адам тұрмайтын қорға қалай айналдыру керек деген мәселеге аудартты.

«Жекеменшік балабақшаның дені көп қабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан. Сондықтан мемлекеттік органдар біздің ғимаратты адам тұрмайтын қорға айналдыруды талап етеді. Бірақ соның себебін еш түсіндірмейді. Сол себепті палатаға көмекке келіп тұрмыз», – деді ол.

Алматы облысындағы жекеменшік балабақшалар мемлекеттік органдармен көптеген қиындықтар көреді екен. Білім басқармасы, жер қатынастары, сәулет пен қала құрылысы бөлімдерімен бірқатар түйткілдер туындаған.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру мамандарының кәсіби біліктілігі туралы әңгіме қозғалды. ӨКП өкілі Алмагүл Оңғарбаева осы мәселелерді шешу үшін аталмыш басқармалардың басшыларын, мектеп директораларын, логопед, психолог, педагогтарды дайындайтын жоғарғы оқу орындарының басшылығын шақырып дөңгелек үстел ұйымдастырайық деген ұсыныс айтты.

Мұндай дискуссиядан кейін кездескен топ бірқатар түйткілді жайттарды бір жіпке тізді. Солар бойынша ӨКП кеңес беретін болды. Жуық арада бірнеше семинарлар ұйымдастырылады. Балабақшаларға арнғалған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен басқару бойынша кеңестер беру, оларға білім басқармасы, прокуратура, мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдерін шақыру жоспарланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер