«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңалықтар мен мүмкіндіктер күні

2016 жылғы 15 Сәуір
- Жетісу облысы
8391 просмотров

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия мен жаңа технологиялар колледжі орта мектеп оқушылары мен түлектеріне арнап Ашық есік күнін өткізді

Колледж Дуалды білім беру жол картасы бойынша жұмыс жасайтынын айта кету керек.  2014 жылдың сәуір айында Палатаның бастамасымен Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі және ҰКП арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, техникалық және кәсіптік кадрларды даярлау жүйесін айтарлықтай жаңғыртуға бағытталған өзара іс-қимылдардың толық жоспары бекітілген.

«Экономикасы мықты елдің өзі де мықты дейді. Экономиканың мықты болуы жұмысшы мамандықтарға байланысты. Біздің Елбасы өз еңбек қызметін қарапайым жұмысшы болып бастағаны бәрімізге мәлім. Сондықтан бүгінгі күні нарықта кәсіптік-техникалық мамандықтар жоғары бағаланады. Осыған байланысты Дуалды оқыту жол картасы жасалып, оны екі жылдан астам уақыт бойы өңірдің 18 колледжінде енгізудеміз», – деді ӨКП адам ресурстары бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева.

Оқу орнында Ашық есік күні жыл сайын өткізіледі. Оның басты мақсаты мектеп оқушыларының болашақ кәсіби қызметі мен таңдаған мамандықтары бойынша оқыту жүйесін дұрыс таңдауына кәсіптік бағдар көрсету. Колледж директоры Еркінбек Қояновтың айтуынша, мекеме мамандарды нарық сұранысын есепке ала отырып даярлайды.

«Бүгінгі күні біз 10 мамандық бойынша мамандар даярлаймыз. Біздің студенттеріміз өңірдегі жетекші кәсіпорындардан тәжірибеден өтеді, олардың қатарында «Метакон», «Zhersu Power», «Алинекс»,  «Жетысугаз» корпорациясы және т.б. бар.  Бұдан былай олар жұмысқа тұрып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие маман болуға толық мүмкіндіктері бар. Кәсіпкерлер Палатасына, оның ішінде Алмагүл Оңғарбаеваға кадрларды даярлаудағы ынтымақтастығы үшін алғыс білдіргім келеді», – деді Қоянов.

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия мен жаңа технологиялар колледжіне 9, 11 сынып түлектері электрдәнекерлеуші, автомобиль жөндейтін слесарь, кең бейінді құрылыс шебері, газ нысандары жабдықтарын пайдалану жөніндегі техник, құрылысшы-техник, техник-механик мамандықтары бойынша түсе алады. Оқытудың алғашқы төрт айында барлық студенттер 16 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Одан кейін оқуда көзге түскен студенттер мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.

Ашық есік күні аясында студенттер өлең айтып, би биледі, сонымен бірге шағын қойылым да қойды. Одан кейін оқу орнының ұстаздары колледж ғимараты, жатақханаға экскурсия ұйымдастырып, өндірістік цехтармен, жабдықтармен таныстырып өтті. Ең өжет оқушылар жұмыс процесіне қатысып  та көрді.

Газбен жабдықтау жүйелері жабдықтарын пайдалану мен монтаждау пәнінің оқытушысы Борис Ким оқушыларға бұл мамандықтың ерекшеліктері туралы айтып берді. «Бұл мамандыққа оқытқанымызға екі жыл болды. Өңірге табиғи газдың тартылуымна байланысты мұндай мамандарға деген сұраныс еселене түсті. Былтыр колледжімізге 24 баланы қабылдаған едік. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай», – деді ол. Кабинеттің материалды-техникалық базасы «Жетісугаз» корпорациясы көмегімен жабдықталғанын айта кету керек. Айтпақшы бұл корпорацияда Мамандарды оқыту және қайта даярлау орталығы әрекет етеді. Орталық жетекшісі мен өндірістік бөлім басшысы Валентина Спичакованың айтуынша, оқу орталығында жылына 150-200-ге жуық адам білім алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер