«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекет төлейді!

2016 жылғы 14 Сәуір
- Жетісу облысы
7457 просмотров

Кәсіпкерлік өзінің шығынын мемлекеттің есебінен өтейтін болды

«Өнімділік – 2020» атты бағдарлама кадрларды даярлауға көмектеседі, технологияны жаңартып, кәсіпорынды ұлғайтуға қол ұшын созады.

Қазақстанның Индустрияны дамыту институты (ҚИДИ) «Өнімділік – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың алғышарттарын Алматы облысының кәсіпкерлеріне ұсынды. Бұл жоба кәсіпкерлердің шығынын өтеп беретін болады. Былтыр елімізде мемлекеттік қолдауға 34 кәсіпорын ие болған. Шығынның жалпы сомасы 167,9 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік қаржының дені негізінен құрылыс материалдары, машина жасау, металлургия мен Агрокешенге бағытталған. Бағдарлама жүзеге асып жатқан 4 жыл ішінде Алматы облысының 10 кәсіпорыны шығынын өтеп алды. Бұл бағдарламаға қатысу арқылы кәсіпкер кадрларын даярлап, қайта даярлықтан өткізеді. Сарапшыларды да шақыра алады. Бұл бағытта шығын 40% дейін өтеледі. ҚИДИ директорының орынбасары Диас Сериковтің айтуынша,  кадр даярлау, қайта даярлау кезінде бір кәсіпорынға 2 миллион теңге бөлінеді. Сарапшыларлы шақырту 9 миллион теңгеге дейін мүмкін.

«Мемлекеттік қолдауды экономиканың басты секторларында бір жылдан кем емес уақыт бойы кәсіп жүргізіп отырған мекемелер ала алады. Бұл бағдарлама бойынша технологиялық шығындар да өтеледі. Олардың ішінде – технологиялық аудит, энергоаудит, ақпарат технологиясы бойынша консалтинг, бағдарламалық қамту, енгізу, өндірістік дизайнды жасау, жаңа конструкция табу, технологияны қарастыру, жаңа құрылғы мен жабдықтарды алу, кәсіпорынның ішкі жұмысына кіріктіру, өнім өндіру үдерістерін қамтамасыз ету», – дейді Сериков. Оның үстіне бұл тізімде кәсіпорынның ұйымдастыруын тиімді етуге тиісті құжаттарды жасау. Прогрессивті басқару және өндірістік технологияларды енгізу. Олардың шығынының 50%-ы өтеледі.

«Бағдарламаға қатысу үшін аз ғана құжат жиналады. Кәсіпорынның қаржылық ахуалы туралы анықтама сұрамаймыз. Сондықтан құжат жинаудан қорықпау керек. Өтінішті он күннің ішінде қарап береміз. Кейбір компаниялар 2-3 реттен өтініш берген. Орталық олардың шығынын өтеп беріп жатыр», – дейді ҚИДИ өкілі. Бір кәсіпорын бірнеше сала бойынша қатыса алады екен. Құжат дайындау мен кеңес беруді Палата өз мойнына алады.

«Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бағдарламасы «Өнімділік – 2020» туралы хабардар етуді жалғастырып жатырмыз. Егер кәсіпкер бағдарламаға қатысқысы келсе, құжат жинап, өтініш беруі керек. Біздің экономистер мен заңгерлер кеңес береді», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметов.

Бағдарламаны түсіндіру брифингі Талдықорған кабель зауытында, «Кайнар АКБ», «Инфраэнерго» және «Уыз май» кәсіпорындарында өтті. Қапшағай қаласы мен Жамбыл ауданы кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесулер болды.

Бұл бағдарлама бойынша биыл 520 миллион теңге бөлінген. ҚИДИ атап өткендей, қаржылай көмек өңірлер бойынша берілмейді. Олардың өтініштері байқау негізінде қабылданбайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер