«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Арбитражға жүгініңіз!

2016 жылғы 11 Сәуір
- Жетісу облысы
9385 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында арбитражды соттың үдерістері туралы түсінік беру жұмыстарын жалғастырып жатыр

Қазақстанда арбитражды сот 1992-1993 жылдары ҚР сауда-өнеркәсіп палатасы мен Халықаралық «IUS» аралық соты одағы негізінде енгізілді. 2014 жылдың 21 шілдесінде ҰКП қарамағында Төрелік және аралық түсінісу орталығы ашылған. Бұл бастама мемлекеттік емес сотқа деген сенім мен популяризация тұрғысындағы маңызды қадам.

«Біздің қызмет көрсетуіміз кезінде міндетті түрде кәсіпкерлерге арбитражды соттың бар екендігін айтып өтеміз. Келісім-шарт түзген кезде де арбитражды сот арқылы түсініспеген жағдайларды реттеуге болатынын ескертеміз. Біздің барлық бөлімдерімізде түйткілді шешудің балама түрі барын айтып жеткіземіз. Кәсіпкерлік орта біздің айтқанымызға құлақ асатынына куә болып жүрміз», – дейді ҰКП Алматы облысы бойынша құқықтық сұрақтар бөлімі директорының орынбасары Қанат Қабдиев.

Өңірлік бөлім мамандары арбитражды соттың келешегі зор дейді. Соттың мемлекеттік емес түрі – қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады. Қиындық тудырған жаңдайларды әділ, өзара түсіністік арқылы шешеді дейді.

«Бүгінгі таңдағы басты мақсат – кәсіпкерлерге жеткілікті ақпарат беру. Сотқа жүгінген кезде тараптар қарастыру үдерісін, регламентті, арбитрді өздері таңдайды. Шығарылған шешімді орындау парыз. Осындай соттың шешімі арқылы кәсіпкерлер уақыты мен ақшасын үнемдейді», – дейді сарапшы.

Өңірлік бөлім қызметкерлері келешекте аудандарда да арбитражды соттың мән-мәнісі туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер