«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Палата есеп береді

2016 жылғы 04 Сәуір
- Жетісу облысы
7838 просмотров

ӨКП директоры ай сайын БАҚ пен қоғам алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп тұрмақ

Жариялылық, мөлдірлік және ашықтық қағидаларын қамтамасыз ету мақсатында ӨКП қызметі «Есеп беруші директор» жобасын ашты. Енді әр айдың басында директор Ләззат Шыңғысбаева атқаралған жұмыстар туралы есеп беріп, болашақ жоспарлармен бөліспек. Ұйым жұмысы туралы есеп Палатаның Facebook-тегі ресми аккаунтіне орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылады.

ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен мемлекеттік сатып алу бағыттары бойынша 2016 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағыты бойынша 2016 жылдың бірінші тоқсанында 117 арыз келіп түссе, соның ішінде 83-і қаралып, жалпы сомасы  424 842 213 теңгеге тең 46 арыз-шағым оң шешімін тақпан, 34-і әлі де қаралуда.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 1 жиналысы өтті. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің жұмыс жоспары мақұлданды.

Кәсіпкерлердің проблемалары оң шешімін тапқан 7 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

39 нормативті-құқықтық актілер келіп түссе, 24-і ешқандай ескертусіз қайтарылса, 11-і ескертпелермен кері қайтарылды, 4-уі қаралуда.

Сондай-ақ Өңірлік кеңестің 4 отырысы болып өтті, оның ішінде 1-уі көшпелі отырыс. Өңірлік кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Өңірлік кеңес жанынан АӨК, тариф жасау, бюджет, туризм, кадрлық саясат мәселелері бойынша комитеттер құрылды.

Кәсіпкерлер Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары жанындағы 54 консультативтік-кеңесші органның құрамына енгізілді.

11 әкімшілік кедергі анықталып, оның 3-уі (жергілікті деңгейде) шешілсе, 8-і қарастырылуда.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы әкімдіктермен бірлесіп, Алматы облысы бойынша Жергілікті қамту мониторингі және отандық тауар өндірушілерін ілгерілету жөніндегі комиссияның ережесі жасалуда. Бірыңғай отандық тауар өндірушілердің тізілімі құрастырылуда. Оған 363 тауар өндіруші  енгізілген. Жеті кәсіпкерге конкурсқа қатысу үшін конкурстық құжаттар дайындауға құқықтық көмек көрсетілді. Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингісі жасалып, нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды өткізген тапсырыс берушілердің тарапынан кеткен заңбұзушылықтар анықталды, көбінесе тауарды сатып алу барысында тапсырыс берушілер тауар туралы толық ақпарат бере отырып, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңның 31-бабының 1-тармағына қайшы келеді, яғни онда тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирманың атауы, патенттер, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер тауар шығарылған орынның атауы тауар шығарушының атауы, сондай-ақ сатып алатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті жеткізушіге тиесілі екенін білдіретін белгілердің көрсетілуіне жол берілмейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын орындау бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі мемлекеттік сатып алу порталы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Алматы облысының мемлекеттік мекемелеріне ағымдағы жылы 46 860 261 892.86 теңге бөлінгендігін көрсетіп берді.

Алматы облысының мемлекеттік мекемелерімен мемлекеттік сатып алудың 61 688 жоспары құрылып, мемлекеттік сатып алу порталына орналастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер