«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сапа»: қабылдауы басталды

2017 жылғы 03 Сәуір
- Жетісу облысы
7414 просмотров

Алматы облысының тауар өндірушілері ұлттық байқауға қатысуға шақырады

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы мен «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау науқанын бастады. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлер палатасының сертификаттау бөлімінің мамандары Бибігүл Омарова мен Жанна Маратова хабарлады.

Байқаулардың мақсаты – отандық тауар өндірушілерін қолдау және нарықты сапалы әрі бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету болып табылады. «Өткен жылдан бастап мемлекеттік деңгейдегі бұл байқауларға енді тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Осылайша шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмысы жүзеге асырылуда. Мәселен, 2016 жылы облыстағы «Молдасанова Р.Б.» жеке кәсіпкерлігі «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында 3-орынға ие болды», – деді сертификаттау маманы Жанна Маратова.  

Спикердің айтуынша, 2016 жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңінде Алматы облысының 48 кәсіпкері бақ сынаған. Облыстық кезеңде «Өндірістік үздік тауарлар» аталымында «Алматинские краски» ЖШС, «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС, «Galaksi» ЖШС үздік болып танылды. «Алатау Құс» АҚ, «Первый Пивзавод» ЖШС, «Молдасанова Р.Б.» жеке кәсіпкерлігі, «Асқар-Тау» этно-мейрамханасы «Үздік азық-түлік тауарлар» аталымында көш бастады. «Тексан Казахстан Инвест» ЖШС,  «Dolce» ЖШС, «Алматы матрас фабрикасы» ЖШС «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында үздік болып танылды.

«Алматы облысы кәсіпкерлік палатасы қосымша «Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының таңдауы» атты аталымды тағайындап, ол бойынша үздіктер қатарында ««Stynergy»» ЖШС, «Isker Сompany» ЖШС, «Фирма  Демеу» ЖШС таңдалды. Биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауының  өңірлік кезеңінде қосымша «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» атты жаңа аталымды енгізбекпіз», – деді Бибігүл Омарова.

 Байқаудың республикалық кезеңінде  «Алматинские краски» ЖШС «Өндірістік үздік тауарлар» аталымында ұшінші орынды еншіледі. «Алтын сапа» сыйлығында Алматы облысының 8 компаниясы қатысты.

Айта кетелік, байқауларға қатысу өтінімдері 15 сәуірге дейін қабылданады. Содан кейін сапа мен сертификация саласындағы сарапшылар, кәсіпкерлер мен журналистерден құралған сараптама тобы қатысушылар мен жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Сонымен қатар өңір кәсіпкерлері «Іскер», «Ұлы дала елі» және «Парыз» байқаулырына да қатыса алады. Былтыр республикалық кезеңде «Парыз» бизнестің әлеуеметтік жауапкершілік байқауында «Метакон» ЖШС «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында күміс жүлдесін еншіледі. «Татэк» АҚ «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында қола жүлдені ұтып алды. «Кайнар-АКБ» «Ұлы дала елі» шатырлы брендін иемдену құқығына ие болды.

Сонымен қатар мамандар сертификаттау бөлімін атқарған жұмысы туралы айтты. Мәселен, өткен жылы ішкі нарықта саудалану үшін 1205 дана СТ-KZ сертификаты бөлінді, тауарлардың «СТ-1» формасындағы белгісіне 2173 өтінім түсіп, соған сәйкес сертификаттар берілді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер