«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық «Атамекен» Палатасында өңірлік кеңеске сайлау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті

2025 жылғы 09 Қаңтар
- Павлодар облысы
488 просмотров

Павлодар облысының ӨКП-да өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау жөніндегі Палатаның өңірлік комиссиясының отырысы өтті. Сайлау 27-29 қаңтарда өтеді.

Комиссия өңірлік кеңес мүшелігіне үміткерлердің берген құжаттарын тексерді. Олар 43 адамнан келді. Енді өңірлік кеңестің әлеуетті мүшелерінің құжаттары кандидаттарды тіркеу үшін Астанадағы «Атамекен» Ұлттық палатасының орталық аппаратына жіберілетін болады.
"Сайлауға Павлодар облысының әр қаласы мен ауданынан өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтитын бизнес өкілдері қатысады. Өңірлік кеңестің құрамына енген олар Павлодар Ертіс маңындағы бизнестің дамуына өз үлестерін қоса алады. Кандидаттардың барлық қажетті құжаттар қабылданды", - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер