«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісу өңірінде кешенді тексеру басталды

2024 жылғы 22 Сәуір
- Жетісу облысы
5786 просмотров

Жетісу облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарын кешенді тексеруді ұйымдастырды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы жеке білім беру кеңесі шеңберінде бизнес субъектілеріне осы тексерудің мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.

ҚР Президенті және Бас прокурордың тапсырмасына сәйкес, бүкіл ел бойынша меншік нысанына қарамастан білім беру саласында кешенді прокурорлық тексеру жүргізу басталды. Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілерінде сұрақтар туындады.

Тексерушілердің құрамына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, полиция, төтенше жағдайлар, техникалық реттеу және метрология, білім беру, медициналық және фармацевтикалық бақылау, еңбек инспекциясы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері тартылды. Осы мемлекеттік органдардың мамандары жүргізіліп жатқан тексерудің шеңберінен шыға алмайды. Әр мемлекеттік орган өз құзыреті шеңберінде тексеруді жүзеге асырады.

Жетісу облысы прокуратурасының аға прокуроры Айдар Шабдаровтың айтуынша, тексерудің мәні балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасындағы жазатайым оқиғалар, суицидтердің өсуіне ықпал ететін себептер мен мән-жайларды анықтау.

«Тексеру мерзімі тіркелген сәттен бастап бір ай ішінде белгіленеді. Қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда тексеру тағы бір айға ұзартылуы мүмкін. Тексеру барысында 2022-2023 жылдар және 2024 жылдың ағымдағы кезеңі тексеру күніне дейін, яғни өткен жылдар мен ағымдағы жылдың құжаттары қамтылды. «Прокуратура туралы» Заңға және Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тексеру қаулы тапсырылған күні басталды деп есептеледі», ­- деп атап өтті Айдар Шабдаров.

Жиында кәсіпкерлер анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт беріле ме деген сұрақ қойды. Оған прокуратура өкілі тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға болатынын, содан кейін олар тексеру кезінде жойылды деп көрсетілетінін атап өтті. Егер бұзушылықтарды жою мүмкін болмаса не оларды түзетуге уақыт немесе қаржат қажет болса, мемлекеттік сатып алуды жүргізу талап етілсе, онда мұндай жағдайда оларды жою тәртібі көзделетін болады.

Тексеру басталғанға дейін қаулы уәкілетті органда тіркеледі. Ол туралы нормативтік құжаттарда және Кәсіпкерлік кодексте көрсетілген. Тексеруді бастамас бұрын субъектіге тіркелген акт, прокуратура органдары тарапынан тексеруді тағайындау туралы қаулы ұсынылады. Онда тағайындалған тексерудің мәні, оны жүргізу мерзімі, кезеңі, тексерушілердің тізбесі, осы тексеруді тіркеген және қол қойған орган басшысы көрсетіледі. Тексеру туралы құжат ҚР Прокуратура органдарының бірыңғай жүйесінде тіркеледі.

 «Жиын қорытындысы бойынша біздің салалық кеңес мүшелеріміз оларды тексеру регламентін түсіндіру үшін кешенді прокурорлық тексеруге тартылған мемлекеттік органдардың барлық маманын шақырумен кездесу өткізу туралы ұсыныс айтты», - деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

«


Еншілес ұйымдар

Серіктестер