«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңестер жергілікті бизнес мәселелерін орталыққа жедел жеткізуге көмектеседі – Тимур Нақыпбеков

2024 жылғы 01 Ақпан
- Ақтөбе облысы
5474 просмотров

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Басқарма мүшесі Өңірлік кеңес мүшелерімен кездесіп, өңір кәсіпкерлерінің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуде түткілді мәселелер көтерілді:  теміржол вагондарының тапшылығы, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту және қаржыландыруға квота беруге байланысты сұрақтар.

 «Әлия Жолдары» ЖШС директоры Жұмабек Қоқанов вагон тапшылығын көп жыл бойы айтып келеді. Шағымдар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на қатысты. Өйткені жүк тасымалдау бойынша кесте барлық өңірде бұзылып жатыр.

«Теміржол вагондарының тапшылығы және олардың тоқтап қалуы мәселесі ҰКП-ның тұрақты бақылауында. Мәселені шешу жолдары түрлі деңгейде айтылып жатқанына бірнеше жыл болды. Белгілі бір қозғалыс бар және түзетулер енгізілуде. Сонымен қатар бірқатар шешілмеген сұрақ қалып отыр», – деп жауап берді Тимур Нақыпбеков.

Өз кезегінде «Зару» шаруа қожалығының басшысы Бану Тілегенова ауыл шаруашылығы саласының бизнес өкілдері жұмыс күшінің тапшылығын сезініп отырғанын атап өтті.

  «Квота ішкі еңбек нарығын біліктілігі жоқ шетелдік жұмыс күшінен қорғайтынын және оны қазақстандық кадрларды көбірек жұмысқа алу үшін енгізгенін түсінеміз. Бірақ біз басқа елден жұмысшыларды тартуға мәжбүрміз. Біріншіден, жергілікті тұрғындар бізге нақты еңбекақымен де барғысы келмейді, екіншіден, квоталар жеткіліксіз. Олар біз сұрағандай көлемде бермейді немесе мүлдем бас тартады», – деп кәсіпкер бұл мәселеде көмек сұрады.

«Құрылыс саласында бұл мәселе тіптен өзекті. Біз экономиканы дамыту керек екенін түсінеміз, ал жұмысшылар жоқ. Бұл бір күндік мәселе емес. Қазір үкіметте квота бөлу бөлігінде көші-қон саясаты мәселесі талқыланып жатыр», – деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.

 

 «Қазіргі кезде қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізу қажеттілігін ескере отырып, сауда саласындағы кәсіпорындар эквайрингтік қызметтер бойынша жоғары тарифтер проблемасына тап болып отыр. Бұл ретте осы тарифтерге Visa және MasterCard карталары арқылы қызмет көрсету тарифтері де енгізілген. Оларды пайдаланғаны үшін халықаралық төлем жүйелеріне қаражат төленеді. Осыған байланысты қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ішкі жүйесін құру мәселесін пысықтау мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар, бүгінгі таңда тауарларды онлайн сатып алу мүмкіндігін ұсынатын танымал электрон дүкендер ешқандай бақылаусыз жұмыс істейді. Олар контрафактілік немесе контрабандалық болуы мүмкін өнімдерді сатуға мүмкіндік береді. Осылайша ұсынылатын тауарлардың бағасы ресми дилерлер арқылы сатылатын бағадан едәуір төмен, бұл өз кезегінде кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерлерге кері әсерін тигізеді», – Fora Trade ЖШС құрылтайшысы Сергей Трубин. 

 Тимур Нахипбековтың пікірінше, бұл мәселені жүйелеу, өңірлерде талқылау, барлық сандарды талдау және кейіннен ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару қажет.

Айта кетейік, кездесуде «Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі қатысушылардың көтерген барлық мәселе бойынша егжей-тегжей тоқталып, олардың әрқайсысына түсініктеме беріп, алдағы уақытта қандай қадамдар мен шаралар қабылданатынын айтып берді.

«ҰКП өткен жылы барлық өңір бойынша құрылған салалық кеңестердің рөлін күшейту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Кеіестер «Атамекен» алаңы арқылы мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимылының тиімді ресурстары ретінде көрсетті. Барлық өңір бойынша қатысушылар саны 5 мың кәсіпкерге жеткізілді. Биыл Парламентпен өзара іс-қимылды күшейту басымдыққа ие. Еске салсам, биыл жұмыс істеп тұрған өңірлік кеңестердің қызмет ету мерзімі аяқталады және қайта сайлау әр өңірде өтетін болады. Біз салалық кеңестер, қауымдастықтардың белсенді мүшелерінің есебінен нығайтуды, өңірлік кеңес мүшелерінің санын үш жүзге дейін кеңейтуді мақсат етіп қойдық. Өңірлік кеңестердің сараптамасы да, маңыздылығы да артады. Мұндай шаралар жергілікті кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін орталыққа жедел көтеруге және оларды бизнестің пайдасына уақтылы шешуге мүмкіндік береді», – деді Тимур Нақыпбеков.

 

Тағы бір түйткілді мәселе  ҰКП өкілін «ТК Фарм Ақтөбе» зауытының өндірістік процесімен таныстыру барысында да айтылды.

Ақтөбе компаниясы 2023 жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Кәсіпорын қажетті дәрі-дәрмектердің кең ассортиментін шығарады. Кәсіпорын  жылына 20 миллион дана таблетка мен 11 миллион құты сироп шығарады.

 «Қазақстанның түкпір-түкпірінен серіктестеріміз бар. Бұдан былай біз сапасы жағынан шетелдік аналогтардан және қолжетімді бағадан кем түспейтін отандық дәрілік препараттарды көбірек өндіруге күш саламыз. Осы жылдың шілдесінен бастап дәрі-дәрмектерді таңбалау басталады. Соған алаңдаймыз. Қазақстанда аталған бағдарламамен интеграциялаудың қажетті модулі болмауына байланысты 1С есепке алу жүйесін тауарларды таңбалаудың және қадағалаудың ақпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша проблема бар. Фарминдустрия өкілдері, шағын зауыттар осы бағдарламаны енгізуді қаржыландыру немесе шығындардың бір бөлігін субсидиялау бөлігінде мемлекеттік қолдауға мұқтаж», – деді зауыт директоры Жаңагүл Төреханова.

 

Бұл мәселе егжей-тегжей зерттеу және одан әрі пысықтауға алынды.

Әрі қарай «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесті. Облыс әкімдігінде олар кәсіпкерлікті дамыту тәсілдерін жетілдіруді талқылады. Бизнес ортаның мәселелері де қозғалды.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер