«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Туризм саласындағы кедергілер талқыланды

2024 жылғы 22 Қаңтар
- Жетісу облысы
7690 просмотров

Туризмді дамыту - Жетісу өңіріндегі негізгі, басым бағыттардың бірі.

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері Қытай Халық Республикасына барып, онда Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданында туристік нысандар бойынша симпозиумға қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты - Қытай-Қазақстан туризмінің келешегін талқылау болды, өйткені Қытай мен Қазақстан - тату көршілер. Екі мемлекет те туристік ресурстарға бай және даму үшін үлкен әлеуетке ие.

Қазақстан өңдеу және игеру үшін бірегей экологиялық ресурстарға бай және бүгінгі таңда сауатты қаржылық салымдар кезінде табысты іске асырылуы мүмкін көптеген жобалар бар. Алайда, Қытай-Қазақстан туризмін дамыту жолында көптеген кедергілер де анықталды және осы халықаралық іс-шара шеңберінде оларды шешу жолдарының мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қолданылады. Азаматтардың көрші мемлекет аумағында болу мерзімі 30 күннен аспауға тиіс.  Қазіргі уақытта екі ел үшін де туристік мәселе бар: шекарадан тиісті туристік маршрут жоқ, туристердің өтуі жалпы канал арқылы жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде маршруттардың өтуін қиындатады; туристер үшін жеке көлік түрінің қажеттілігі талап етілді; кедендік бақылаудан жедел өту мақсатында туристік компаниялардан тізімдерді алдын ала беру туралы ұсыныс енгізілді.

Бұл мәселемен қатар электрондық коммерция бөлігінде туындайтын қиындықтар да талқыланды. Қазіргі уақытта біздің еліміздің көптеген азаматтары тауарларды онлайн сатып алады, бірақ тауарлардың транзиті қиын, елдердің шекараларында кідіріс бар. Қауіпсіздік тексерулерінен өту, тауарды бөлу, «Қазпошта» арқылы пошта-логистикалық қызметтерден өту көп уақытты алады. Жеке компаниялар тауарларды бөлек тасымалдай алмайды. Электрондық коммерцияның дамуы бизнестің дамуына мүмкіндік береді.

«Айтылған проблемалар хаттамаларда көрініс тапты. Табысты әріптестік, ең алдымен, оларды шешу жолдарын іздестіруде құрылатын болады», - деді іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер