«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инвесторлардың сұрақтары жергілікті жерлерде қаралады.

2023 жылғы 26 Шілде
- Жетісу облысы
6796 просмотров

Мемлекет басшысы прокуратура органдарының алдына инвестициялар сомасына қарамастан әрбір маңызды инвестициялық жобаға тұрақты қолдау көрсету міндетін қойды.

 Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өңір инвесторларымен кездесу өтті.

Қазіргі уақытта жобаларды қолдаудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, прокуратура қызметкерлері Жалпыұлттық пулға енгізілген әрбір жобаға бекітілді.

«Бүкіл ел бойынша, оның ішінде Жетісу облысында да прокуратураны үйлестіру кезінде Фронт-офистер құрылды. Құрамына әкімдіктердің, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, қаржы мониторингі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттіктерінің, кәсіпкерлер палатасы мен «Kazakh Invest»  АҚ өкілдері кірді», – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Николай Ем.

Қазір жергілікті жерлерде прокурорлар инвесторлардың нақты проблемалық мәселелерін дереу қарайды және мемлекеттік органдардың оларға қолдау көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша актілерін бағалайды.

«Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы мен облыс прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мобильді топтар құрылды. Мобильді топтың міндеті - кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзу және қызметке кедергі жасау туралы сигналдарына жедел жою. Осы топтар арқылы кәсіпкерлер прокурорлармен тікелей байланысып, құқықтық кеңес ала алады», - деп атап өтті өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтарды қорғау жөніндегі басқарушы директоры Думан Керімбаев.

Айта кетсек, проблемалық мәселелер бойынша 8(771)131 04 44 (жұмыс уақытында 24-06-31) телефондары бойынша хабарласуға болады, мобильді топтар облыстың әр өңірінде құрылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер