«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 09 Маусым
- Жетісу облысы
6323 просмотров

Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері бизнес-форум аясында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында кездесіп, өзара ынтымақтаса қарекет ету жайын таразылады. Келелі кездесуге ҚХР мен Қазақстан тарапынан Жетісу, Алматы облыстарының кәсіпкерлері қатысты. Тараптардың бизнес әлеуетін көтеруге бағытталған жиынды Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасы мен ШЫХО бірлесіп ұйымдастырды.

«Жалпы, Жетісу өңірінде инвестиция құюға тың мүмкіндіктер қарастырылған. Облыста жаңа инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ал өткен форум аясында Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Қорғас» ШЫХО арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», - деп   атап өтті өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев.

Бизнес-форумға қатысушыларға орталықта орналасқан сауда үйлері, ШЫХО мүмкіндіктері, сондай-ақ Қорғас сервисін жіне БӨП өтуге ыңғайлы ететін бизнес - терминал ұсынылды.

Форумның екінші бөлігі Қытай Халық Республикасы жағында жалғасты. Онда кәсіпкерлерді сауда орталықтарының қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Бұдан әрі Алматыдағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэйдың қатысуымен, орталық әкімшілігімен және ҚХР кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу аясында жетісулық кәсіпкерлер қытай тарапымен одан әрі ынтымақтастық, атап айтқанда бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. ҚХР өкілдері өз кезегінде қазақстандық кәсіпкерлердің бастамаларын қолдады. Ал кездесу қорытындысы бойынша мұндай іс-шаралар тұрақты негізде, бірақ бизнес салаларының бағыты бойынша өтетіні туралы сөз болды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер