«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісуда агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды

2023 жылғы 07 Сәуір
- Жетісу облысы
6180 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында АӨК салалық кеңесінің мүшелері таяу бесжылдыққа арналған даму жоспарын талқылады. Онда агроөнеркәсіп кешеніне көп көңіл бөлінген.

Жиын облыстың кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жетісу облысы бойынша директоры Ізбасар Жүсіпеков, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені саласындағы кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.

«Жетісу облысы  аграрлық өңір екені белгілі. Егістік жерлердің жалпы ауданы 519 га құрайды. Біз облысты дамыту жоспарын жасадық, онда агроөнеркәсіп кешеніне де назар аударылған. АӨК-ті дамытуға бағытталған ірі жобаларды іске асыру жоспарланған. Биыл «Ауыл аманаты» республикалық жобасы іске қосылады. Оның шеңберінде ауыл тұрғындары жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия қол жеткізе алады», – деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Өңірдегі басым бағыт – қант қызылшасын өсіру. Қазіргі кезде 8100 гектар жерге егу көзделген, ал 2026 жылға қарай егіс алқабын 15 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.

«Барлық фермер үшін егіннің 80 пайызы суаруға байланысты. Қаратал ауданында арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су ең алдымен шаруаларға керек. Суға біз – фермерлер қол жеткізуіміз керек. Неліктен Кеңес заманында жасалған каналдарды біз әлі де қолданамыз да, бес жыл бұрын жасалған каналардар енді жарамсыз. Себебі не, бұл арналармен кім айналысатынын ешкім білмейді. Қағаздар бойынша олар жасалды – қайта құру, жөндеу жүргізілді. Неге сол суды алуға тиіс шаруа қожалықтары арасынан комиссия жасамасқа?» - деп атап өтті кәсіпкер Әнуар Қадыров.

Сондай-ақ, жиын шеңберінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы кәсіпкерлерге несие беру, сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ қызметтері мәселелері қаралды.

АӨК субъектілерін қаржылық қызметтермен қамтуды ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуіне жәрдемдесу, АӨК-тегі қаржы институттарының институционалдық дамуы туралы Ізбасар Жүсіпеков егжей-тегжей айтып берді.

Кездесу соңында барлық сұраққа түсініктемелер берілді.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер