«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кербұлақ ауданының кәсіпкері пластик бөтелкелерді қайта өңдеу бойынша кәсіп ашты

2023 жылғы 16 Қаңтар
- Жетісу облысы
8595 просмотров

Кез келген затты қайта өңдеу кәсібі әрқашан өзекті. Пластик қалдықтарды кәдеге жарату –  пайдалы бизнес қана емес, сонымен қатар, экологиялық жағдайды жақсарту.

Кербұлақ өңірінің кәсіпкері Бекжан Оразбек жеке кәсібін ашу үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алуға Жетісу өңірінің кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы грант алған кәсіпкер шағын  пресстеу станогын сатып алды.

«Кәсіпкерлер палатасына хабарласып,  қажетті кеңес  алдым. Қазір  ПЭТ бөтелкелерді қабылдап және оларды өңдеумен айналысамын. Инвестиция салу арқылы кәсіптің тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, болашақ ұрпағымыздың бақытты өмір сүруіне игі ықпал ететінін түсінесің», – дейді кәсіпкер.

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы міндетін атқарушы Дәурен Оңалбаев шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау – жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін, кәсіпкерлерге қажетті қызметтердің барлығы тегін көрсетілетінін  айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер