«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының 16 мыңнан астам кәсіпкеріне мемлекеттің қаржылай емес қолдауы көрсетілді

2022 жылғы 16 Ақпан
- Жетісу облысы
4529 просмотров

2021 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкерге 22,5 мың сервистік қызметтер мен кеңестер көрсетілді.

Кәсіпкерлер негізінен жеке бизнесті ашу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік есепті тапсыру сияқты қызметтерге жүгінген. Палата менеджерлері жалпы сомасы 20,5 млрд теңге болатын 645 бизнес-жоспар әзірледі. Оның ішінде экономиканың түрлі секторларындағы 140 жоба мемлекеттік бағдарламалар мен екінші деңгейлі банктер аясында қаржыландырылды.

«Кәсіпкерлер ақысыз негізде бухгалтерлік, заң, маркетингтік қызметтерді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтерді ала алады. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының барлық аудандық және қалалық филиалдарында кәсіпкерлік субъектілері мен өз ісін  бастағысы келетін азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат пен кеңестер беріледі. Бұл қызметтер g4b.kz порталы арқылы онлайн режимде де қолжетімді», - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дәурен Оналбаев.

Еске салсақ, қаржылай емес қолдау – өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз қаржылай емес қолдау көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер