«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қабылдау басталды

2021 жылғы 29 Желтоқсан
- Жетісу облысы
7677 просмотров

Алматы облысында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініштер қабылдана бастады.

Алматы облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Құжаттарды қабылдау: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы» ММ;

          Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Электрондық пошта мекен-жайы: kense@almreg.kz;      

Толық ақпаратты: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26, 1 қабат, 113 каб.; немесе байланыс телефондары арқылы білуге болады: 8 (7282) 329558, 32-95-67, 87786369096, 87479090902, 87472100700.;

         Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 28 қазандағы №773 Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 09 қарашадағы №795 дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған өтініштерді «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы» ММ  қабылдайды.

         Өтінім берілетін жер: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасы» ММ.

         Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 ж. «05» қаңтардаң бастап 2022 ж. «09» қаңтар аралығында.

Өтінімдерді берудің басталу күні: 2022 ж. «05» қаңтар.

Өтінімдерді берудің аяқталу күні 2022 ж. «09» қаңтар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер