«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бухгалтерлерге арналған үлкен семинар Талдықорғанда өтті

2019 жылғы 15 Ақпан
- Жетісу облысы
4620 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  қызметкерлері салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арнап салық және кеден заңнамаларындағы өзгерістер мен толықтылуларға қатысты семинар өткізді

Департаменттің қызметкерлері Нағипа Абдуллина, Шұғыла Қалибекова, Ғабит Оразов, Данияр Атимов және Санжар Иманқұлов тәуекелдерді басқару жүйесі, бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін қарастыратын бірыңғай жиынтық төлемді қолдану тәртібі туралы ақпарат берді. Басты назар онлайн бақылау-кассалық машиналарды енгізу, ҚҚС төлеушілердің электронды шот-фактураларын міндетті шағыру мәселелеріне аударылды.

 Сонымен қатар мамандар қосымша құн салығын төлеушілердің ҚҚС бақылау шотын – Blockchain технологиясын қолданумен жеке банк шотын ашуына қатысты норманы, «Виртуалды қойма» модулімен жүзеге асатын тауарлар тізбегі түсіндірілді, сонымен қатар жеке қолданысқа арналған тауарларды баж салығынсыз кіргізу ережелері талқыланды. 

Семинар барысында департамент мамандары бухгалтерлердің сұрақтарына жауап берді. 

Семинар жұмысын қорытындылай келе, Адматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндірме жұмыстар басқармасының басшысы Нағипа Абдуллина және Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Төленді Керімбеков бухгалетрлерге іс-шараға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына семинар ұйымдастыруға атсалысқандарына ризашылықтарын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер