«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында монополист-кәсіпорындардың өкілдігі ашылды

2018 жылғы 13 Сәуір
- Жетісу облысы
4797 просмотров

Тұрғындар мен кәсіпкерлер жарық, су, газ бен жылуға бір мекемеден қосыла алады

Талдықорған қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) тегін сегіз сервистік қызметтермен (бухгалтерлік есеп, маркетинг, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, кедендік рәсімдеу, өтініштерді сүйемелдеу, ақпараттық технологиялар, құқықтық қызметтер) қатар, кәсіпкерлерге электр желілеріне, су, газ бен жылуға қосылу бойынша техникалық құжаттарды рәсімдеу көрсетіледі.

Осылайша КҚКО-да «ТАТЭК» АҚ, «Жетісу су құбыры» ҚМКК, «Талдықорған жылусервисі» КМК, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының өкілдіктері ашылды. Аталмыш қызметтер түрғындар мен бизнес өкілдері үшін бір мекемеде және «бір терезе» режимінде көрсетіледі.

КҚКО жанында Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың өңірлік орталығы да жұмыс істейді. Тағы бір жаңалық - аудан орталықтары мен ауылдық округтегі кәсіпкерлер үшін онлай-кеңес қызметі енгізілген. Бейне байланыс арқылы кәсіпкер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық және қалалық филиалдарынан КҚКО-дан қажетті кеңестерді ала алады.

Жақын мерзімде қызмет түрі көбейе түседі. Жер мәселелері, сәулет және құрылыс, сәулет және құрылыс саласындағы қызмет үшін лицензия мен рұқсат алу бойынша кеңестер мен құжат қабылдау қызметі қосылып, «Kazakh Invest» ҰК АҚ өкілдігі ашылады.

Айта кетейік, Талдықорған қаласының КҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді (түскі ас 13:00 до 14:30).

 Мекенжай: 8 ықшамауданы, 2 «А», Кәсіпкерлер палатасы (Көрме кешенінің ғимараты), 2 қабат.

Байланыс: 8 (7282) 40-17-27. e-mail: zhetysu@atameken.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер