«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Озық және үздік тәжірибе ал!

2018 жылғы 11 Сәуір
- Жетісу облысы
3981 просмотров

Техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласындағы мамандар үшін өңірлік семинар өтеді

16 сәуір күні Талдықорған қаласында 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдірудің кешенді жоспары аясында техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша бір күндік ақысыз өңірлік семинар өтеді.

Семинардың ұйымдастырушылары - ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті  мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» РМК.

Жобаның мақсаты – Қазақстандағы  кәсіпорындар мен ұйымдардағы мамандардың техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында халықаралық стандарттардың талаптарына сай біліктілігін арттыру.

Ұйымдастырушылар келесі тақырыптарды қарастыруды жоспарлап отыр:

ISO/FDIS 45001 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Талаптар жөніндегі нұсқаулықты пайдалану»;

ISO/FDIS  22000 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйелері. Кез келген ұйымның азық-түлік  тізбегінің талаптары»;

Дүниежүзілік экономикалық форумның  жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберінде,  ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасын жақсарту.

Семинар соңында қатысушыларға тиісті үлгіге сәйкес сертификаттар  беріледі.  

 

Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241, 1 қабат, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ мәжіліс залы.

Тіркеу 16 сәуір күні сағат 9:30-да басталады.

Байланыс: «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы, 8 (7282) 24-45-49.

E-mail: kazinst_tald3@mail.ru

            


Еншілес ұйымдар

Серіктестер