«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудан әкімдіктерінің сайттарында кәсіпкерлерге қажетті өзекті ақпарат жоқ

2018 жылғы 02 Наурыз
- Жетісу облысы
4728 просмотров

Бұл туралы Талдықорғанда өткен Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясының кезекті отырысында айтылды

Комиссия мүшесі, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Баниямин Файзулин ұлттық экономика министрінің ресми интернет-ресурста сұраныс бар негізі құрылыс материалдары мен құралдары туралы ақпаратты жариялау туралы бұйрығын аудан әкімдіктері орындамайтынын мәлімдеді.

«Жобалық құжаттамада қарастырылған негізгі құрылыс материалдары, құралдары, өнімдері мен құрастырылымдарға сұраныс бекітілген сметалық тізімдемені ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз ету туралы ұлттық экономика министрінің 2015 жылдың 19 наурызындағы бұйрығы  бар. Бұйрық үш жыл бұрын орындалауы керек болатын, бірақ орындалмады. Қолымда бар Премьер-Министрдің түсіндірме жазбасы бойынша Үкімет орталықтандырылған сатып алу қызметін құру арқылы жаңа сатыға шығуды жоспарлап отыр. Ал біз әлі бірінші сатыдағы тапсырманы орындай алмадық. Мен бұл сұрақты облыс әкімдігіне жолдаймын. Жалпы бұл жұмысты аудан әкімдіктері жүргізуі тиіс. Осының  орындалмау себебін білгім келеді», - деді Баниямин Файзулин. 

Комиссия төрағасы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов аудан әкімдіктері мен облыстық құрылымдардың барлығы бірдей мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жариялаймайтынына назар аудартты. Мысалы, Ескелді ауданы әкімдігінің сайтында сатып алу бойынша өзекті мәліметтер 2017 жылдың қарашасында шыққан.

«Кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг формасында посттендерлік бақылау өткізді. Талдықорған қаласындағы 230 пәтерге арналған 16 қабатты үш тұрғын үйдің құрылысында пайдаланылатын негізгі материалдардың жиынтық тізімдемесін талдау барысында құрылысқа 100 жайғасым бойынша тауарларды пайдалану жоспарланған. Оның ішінде 50 жайғасымда Қытай мен Ресей тауарлары. Сонда көрсетілген құбырлық өнімдер, желдетуші құралдар, алюминий құрастырылымдар, терезе мен есік блоктары Қазақстанда да шығарылады», - деп атап өтті Палата басшысы Нариман Әбілшайықов.

Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлімжан Тоқтасынов сатып алу саласында жолнұсқа болатын аймақ өндірушілерінің бірыңғай каталогын әзірлеу туралы ұсыныс білдірді.

Жұмыс комиссиясының отырысында Ескелді ауданы әкімдігі, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының отандық тауар өндірушілерді сатып алу саласында қолдау мәселелері бойынша жұмыс қорытындысы тыңдалды. 

Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Елдос Ахметов өткен жылы 54 ашық конкурс болып, оның ішінде 10-ы өткізілмей, қайта ұйымдастырылғанын айтты.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасындағы заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қанағат Молдабековтың ақпаратынша, сатып алудағы жергілікті құрам үлесі 68,7%-ті құраған. Оның айтуынша, шын мәнінде жергілікті құрам үлесінің көрсеткіші одан да жоғары.

«Тауар, қызмет пен қызмет түрлерін жеткізушілердің көпшілігі форманы қате немесе мүлдем толтырмайды. Нақты жағдайды көрсету үшін біз порталға енгізілген ақпараттарды шығарып алып сараладық. Қызмет мен қызмет түрлері бойынша ақпараттар түзетіліп, жеткізуші тарапынан істің аяқталмайтынын анықтадық. Мәселен, жер кадастры департаментінің 1,9 млн сомадағы келісім-шарт міндетін орындау нәтижесі бойынша отандық тауар өндіруші бағанында 100 теңге деп жазылған. Сәйкесінше жергілікті құрам үлесі 0,01%-ті құраған. Ал 28,5 млн теңге сомадағы келісім-шарт бойынша отандық тауар өндіруші бойынша жалпы сома көрсетілмеген», - деді Қанағат Молдабеков.

Сонымен бірге ол:

«Енгізілген түзетулер бойынша жергілікті құрам үлесі 87,6%-ті құрайтын еді. 2018 жылы бұл бағыттағы жұмыс қатаң бақылауда болады» деді.

Биыл басқармаға тауар, қызмет пен қызмет көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінген.

Мемлекеттік сатып алу порталына сәйкес (Алматы облысы қаржы басқармасының ақпараты бойынша) ағымдағы жылдың екі айында жалпы сомасы 78,9 млрд теңге болатын 38 244 сатып алу ұйымдастырылған. Барлық 3 250 жеткізуші Қазақстан Республикасы резиденті болып табылады. 

Айта кетейік, Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясының отырыстары Талдықорған қаласында апта сайын өткізіліп келеді. Кәсіпкерлер палатасының алаңында әкімдіктер мен салалық басқармалардың сатып алу саласы бойынша жұмыстарды тыңдау жоспарланған. Өткен отырыста Қарасай ауданы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының есептері тыңдалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер