«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту орталықтарын құру ұсынылды

2018 жылғы 26 Қаңтар
- Жетісу облысы
5313 просмотров

Бастаманы кәсіпкерлер облыс әкімдігіне ұсынбақшы

Талдықорғанда Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі жанындағы Туризм және спорт комитетінің кезеті отырысы өтті. Жиында Комитет мүшелері атқарылған жұмысты қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелер мен алдағы жылдық жұмыс жоспарын талқылады.

Туризм және спорт комитетінің төрағасы Рустам Хәкімов 2017 жылы Алматы облысының ішкі туризмін дамыту қауымдастығын ірілендіру бойынша бірқатар жиындар мен кеңестер өткенін атап өтті. Оның нәтижесі бойынша туризм саласының 30 өкілі ұйымға мүше болуға қызығушылық білдіріп, құжаттарын өткізген.

Сонымен қатар, Комитет тарапынан жіберілген үш үсыныс 30.12.2013 жылғы №1434 «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысының жобасына енген. Сабағаттық-кеңесші органның жиындарында мемлекеттік ұлттық табиғи бақтардың мәселелері қызу талқыланды. Өткен жылы туристік сала өкілдері үшн оқыту семинарлары мен шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды.

Туризм және спорт комитетінің кезекті отырысында облыс әкімдігімен бірлесе туризмді дамытудың арнайы орталықтарын, соның ішінде ауқымды қызмет түрлерін көрсететін балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс білдірілді.

Жиында туристік қызметке қатысты заң жобаларының тұжырымдамалары және Үкімет қаулылылары бойынша айтылған ұсыныстарды Комитет мүшелері «Атамекен» ҰКП жолдамақ.

Алдағы уақытта кәсіпкерлер туризм саласы бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алудағы өзекті мәселелерді Алматы облысының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің күн тәртібіне енгізіп, талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен бірге Туризм және спорт комитеті осы жылдың мамыр айында өңірде өтетін параплан спорты бойынша Әлем кубогінің ұйымдастырылуына ат салысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер