«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» отандық ауыл шаруашылығы өнімін Қытайға өткізуге ықпал етеді

2017 жылғы 15 Мамыр
- Жетісу облысы
9222 просмотров

«Қорғаста» кәсіпкерлер форумы өтті

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, отандық өнімді Қытай мен Иранның нарығына өткізу жұмысын жүргізіп отыр. 355 әлеуетті экспорттаушылар іріктеліп алынды. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені өнімі мен азық-түлік өнімдерін Қытайға өткізудегі шектеулерді алып тастау мәселесі қаралып жатыр. Бүгінде Қазақстаннан май өнімдерін, бидай, балық етін экспорттай алады. 2017 жылы ірі қара, ұсақ мал еті мен балды экспорттауға мүмкіндік туады», – деп хабарлады Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Чинкисбаева.

Қазақстан Қытайға жылқы, есек, балық, жылумен өңделген тағам өнімдерін экспорттай алады. 2017 жылдың сәуір айынан бидай кебегін өткізуге рұқсат берілсе, 2017 жылдың мамыр айынан – бал, 2017 жылдың маусым айынан – қой еті, 2017 жылдың соңына дейін – сиыр еті, ал 2018 жылдан бастап тауық пен сүт өнімін экспорттауға рұқсат беріледі.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Қаһарман Жазин атап өткендей, бүгінде екіжақты сауда үшін Қытай аумағында визасыз болу (Қазақстан мен өзге де елдердің азаматтары жеке куәлігі мен паспорты болған жағдайда визасыз Қытай аумағында 30 күн ішінде жүре алады), мемлекеттің қаржысы есебінен құрылыс инфрақұрылымы (республикалық бюджет есебінен салынып жатқан инвестициялық нысандардық жұмыс істеуіне қажетті жол, инженерлік, коммуникациялық желілер), «Қорғас» ШЫХО» АҚ аумағында ерікті жүру секілді бірқатар жағдайлар жасалды.

«Қорғас» ШЫХО-да кездесу өткізуді жоспарлаңыздар, келісімшартқа қол қойыңыздар. Таяу келешекте «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінде салық жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақ құрылды. Тұжырымдамада Салық және Кеден кодекстеріне, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау туралы кодекске, сондай-ақ мемлекеттік шекара, халықты жұмыспен қамту, арнайы экономикалық аймақ, валюталық реттеу және валюталық бақылау, почта, ветеринария, өсімдіктер карантині мен автомобиль көлігі туралы заңдарға түзетулер енгізу қаралған.

Бұл түзетулерді қабылдау «Қорғас» ШЫХО-ның Қытай мен Қазақстан арасындағы аралықта еркін тауар алмасуына, «Қорғас» ШЫХО аумағы шеңберінде тауар мен қызметтерді өткізу мен тұтынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмыс күшін квоталаудан басқа, ұлттық және шетелдік валютада өзара есеп айырысу, нақты мемлекеттік шекарада орналаспаған бақылау-өткізу пунктінде мемлекеттік бақылаудың барлық түрін жүзеге асыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«Арнайы экономикалық аймақтың болашақ қатысушылары үшін «Қорғаста» белгілі бір жеңілдік пакетін қарастырып отырмыз. Оның ішінде жер салығын, жерді пайдаланғаны үшін төлемді, мүлік салығын, АЭА қызметі түрі бойынша корпоративті табыс салығын, АҚА аумағында өткізілетін тауарлар үшін нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС төлеуден босату енгізілген. Біз Елбасының «Қорғас» ШЫХО-да арнайы экономикалық аймақ құру туралы Жарлығы және Парламент демалысқа шыққанға дейін «Қорғас» ШЫХО қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы» Заң қабылданады деп ойлаймыз», – деп хабарлады Қаһарман Жазин.   

Бас жоспарға сәйкес, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» аумағында сауда нысандары, мәдени алмасу орындары (этоноауылдар, шеберлер қаласы), сауықтық және спорттық-емдік инфрақұрылымы (ойын-сауық саябағы, сауықтыру кешені, ипподром, көпфункционалды сауықтық орталығы) жасалған демалыс орындары, халықаралық іскерлік ынтымақтастық орындары (конгресс-холл, бизнес-орталық) салынатын болады.

«2017 жылы байқауға 21 инвестициялық нысан шығарылады. Бүгінде 63 инвестициялық жобадан жалпы құны 308 млрд теңге болатын 25 нысан бөліп берілді. Бес инвестициялық жобаның құрылысы аяқталды. 2017 жылы 12 инвестициялық нысанның (орталық алаңдағы 3 нысан, сауда галереясының 4 блогы, конгресс-холл, үшжұлдызды қонақ үй, сауда үйі, әмбебап базар мен шеберлер қаласы) құрылысын аяқтау жоспарда бар», – деді Қаһарман Жазин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер