«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әйелдер бизнесінің әсері

2016 жылғы 28 Маусым
- Ақмола облысы
13122 просмотров

Әйелдердің  кәсіпкерлігін дамыту мәселелері «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанованың қатысуымен өткен Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесі барысында талқыланды

«Кәсіпкерлікті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдау  Ұлттық палатаның басты бағыты болып қала береді. Қазіргі күні бизнесті қолдаудың бірегей  құралдары баршылық, солардың бірі микронесиелеу», – деді Ләззат Рамазанова ақмолалық бизнесмен әйелдерге қарата айтқан сөзінде.

Ол тәуекелге бел буатын сәттерде тосылып қалмауға шақырды, мысал ретінде елдің кейбір өңірлерінде осы бағдарлама аясында табысты енгізілген  коммерциялық кепілдіктің сәтті тәжірибесін келтірді.    

Іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрайымы Көгершін Бексұлтанованың  пікірінше, қазіргі жалпы коммуналдық қызмет құны, энергия қуатын таратушылардың қымбат бағасы өңір бизнесін дамытуды тежейтін себептердің бірі болып тұр. Сонымен бірге білікті кадрлардың жетіспеушілігі де әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына кедергі келтіруде. Қазіргі сәтте бизнесмен әйелдер бұл өңірде негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет ету саласында  еңбек етіп жүр. 

Кеңестің биылға жасаған жоспары көп. Әйелдерді кәсіпкерлікке баулу, оқыту, оларға қолдау көрсету. Әлеуметтік жобаларды енгізу де жоспарда бар.

Баршамызға белгілі, жуырда Көкшетауда «Бәрі де алғыс үшін» атты дүкен ашылды, бұл – аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға  көмек. Мұндай жоба жақын уақытта облыстың сегіз өңірінде іске қосылмақ.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер