«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Темір жолға арналған арнайы техника шығаратын тұңғыш кәсіпорын ашылмақ

2016 жылғы 31 Наурыз
- Жетісу облысы
8697 просмотров

Қытай компаниясы Қазақстанда коммерциялық көліктер құрастыруды және шығаруды қолға алмақ

Арнайы көліктер Ақсу ауданы Матай стансасының депосында қыркүйек айында шығарыла бастайды. Қазір ол жақта темір жол көлігін құрастыру мен жөндеуге арналған цех салынуда. Отандық көліктер құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарды көтеріп-түсіруге, құрылыс алаңында топырақ тасуға, сондай-ақ туннельдерде, көпірлердің астында, өтпе жолдарда жер қазу, көтеру және әрлеу жұмыстарын жүргізуге арналады.

Біраз уақыт бұрын бизнесмендер Палатаға құқықтық көмек сұрай келген еді. Содан сарапшылар инвесторларға өндіріс бағытын таңдауға көмектесті. Бүгін қазақстандық «Aktan Group» компаниясы Қытайдың «Chanling» компаниясымен ортақ шартқа қол қойды.

«Палата қазақстандық тарапқа әріптестікті жолға қоюға қажетті барлық көмекті көрсетті. Біздің мамандар бизнес-жоспар әзірледі. Инвестициялық бағдарламалар, мемлекеттің кедендік және салықтық жеңілдіктері зерттелді», – дейді Палата директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметов.

Жобаның құны 5 млн. долларға бағаланып отыр. Әрі бұл Қазақстандағы темір жолға арналған арнайы техника шығаратын тұңғыш кәсіпорын болмақ. Жоспар бойынша, алғашқы кезеңде 70 адам жұмыспен қамтылады, кейінірек жұмыс орнын 150 адамға дейін көбейту көзделуде. Сонымен бірге, Қытай тарабы қазақстандық мамандарды оқытуды өз міндетіне алып отыр.

Қыркүйек айында-ақ өңірде дөңгелекті жүк тиегіштер мен автогрейдерлер шығарыла бастайды. Кейінірек арнайы техникалардың ассортименті 20 түрге дейін көбейеді. Бұл жоба қазақстандық отандық өндіріс брендімен шығарылады. Қазір инвесторлар болашақ маркаға қандай атау беретіндігі туралы ақылдасуда.

Бұдан бөлек, Қазақстан-Қытай кәсіпорны келешекке кемелді жоспар құрып отыр. Шілде айында Талдықорған қаласында нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыт ашылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер