«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан-Қытай: ынтымақтастық жолында

2015 жылғы 25 Тамыз
- Астана қаласы
12159 просмотров

Қытай компаниясы «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық ауданы аумағында бірлескен кәсіпорын құрмақшы

Елордалық Кәсіпкерлер палатасында қытай делегациясы болып қайтты. Сапар мақсаты: іскерлік байланыстарды жөнге салу және Астана қаласы аумағында жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындарын ашу мүмкіндігін талқылау.

Астана Палатасы «Astana Innovations» АҚ-мен бірге «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық аймағы аумағының өнеркәсіптік-өндірістік бөлігінде болып қайтып, елорданың инвестициялық әлеуеті жайлы презентация өткізді. Делегацияны Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Ерке Нұр» тігін кәсіпорнының басшысы Фарида Мерхамидқызы алып жүрді.

60 жылдары негізі қаланған «JiHuaSanWuSanLiu» ірі қытай корпорациясы төрт негізгі өндірістік бағытта маманданған холдинг болып табылады: құрылыс, жеңіл өнеркәсіп (арнайы киім тігу), халықаралық тасымалдаулар, ауыр өнеркәсіп (машина жасау саласы). Қытай компаниясының басшылары холдингтің негізгі бағыттары қимасында презентация өткізді.  

«Бізге Қазақстан ұнады. Мұнда бизнес-климат үшін жақсы жағдай жасалған. Елордадағы арнайы экономикалық аймақ аумағында жаңа өндіріс ашу үшін қазақстандық кәсіпкерлермен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға сенеміз», - деп баса көрсетті қытай делегациясының өкілі.

Қытай кәсіпкерлері шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мәселесін қозғады. Палата басшылығы қонақтарға квоталар, рұқсат беру шарттары мен тәртібін белгілеу ережелерін түсіндірді.

«JiHuaSanWuSanLiu» қытай холдингінің жұмыс жасап келе жатқан жылдары әлемдегі бірде-бір елмен серіктестік қатынаста болмағанын айта кету керек. Қытай делегациясының өкілдері Қазақстанның серіктестік келешегі байқалатын алғашқы ел болып отырғанын атап өтті. Палата басшылығы өз кезегінде ең алдымен отандық кәсіпкерлер мүддесі алда тұрғанын баса көрсетті, және де біз үшін еліміздегі кәсіпорындардың екі жақты ынтымақтастықтан пайда тапқаны маңызды.

Қытай делегациясының сапары Палата жәрдемімен «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында өткен Алғашқы қазақстандық-қытайлық бизнес-форумда қозғалған ынтымақтастық тақырыбының жалғасы болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер