«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге арналған түрткі

2015 жылғы 13 Тамыз
- Ақмола облысы
10023 просмотров

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы: жобаны соңына дейін сүйемелдеу

Ақмола облысы Бұланды ауданында Сартай Нұрмағамбетов басқаратын «Еңбек» шаруашылығы әрекет етеді. Кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. Бірақ шаруашылығы кішігірім ғана - 12 бас ірі қара мал мен осынша жылқы және 40 шақты қой.

Бұланды ауданына 90 жылдары көшіп келген. Бұрын құрылыс саласында жұмыс жасаған, осыдан кейін тұрғылықты орны ауысқаннан кейін кәсібін де ауыстыруға бел буып, малшы болуға шешім қабылдайды. Алайда қазіргі әлеуеті барлық жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да фермер бизнесін дамытуға қолдау алу үшін, мемлекеттік бағдарламаға қатысады.

«Былтыр жергілікті атқару органдарына жүгіндім. Тіпті құжаттарды толығымен жинадым да, бірақ қолдау алған жоқпын, себебі іріктеуден өте алмадым. Жобамның қандай критерийлер бойынша өтпегені белгісіз. Ал қаражат өте қажет, сондықтан да басқа жолдарын іздей бастадым», - дейді Сартай Нұрмағамбетов.

Шаруа қожалығының басшысы мәселелерінің шешімін жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығынан тапты. Орталыққа осы жылдың көктемінде жүгінген еді. КҚО сарапшылары кәсіпкер үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасына қатысу тиімді болады деп тапты. Фермерге бағдарламаның барлық шарттарын түсіндіріп шығып, консультанттар оған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалына өтінім және құжаттар ресімдеуге көмектесті. Қазірде кәсіпкерге үш миллион теңге көлеміндегі қарыз берілді. Бұл ақшаға фермер 17 бас ірі қара және 4 асыл тұқымды бие сатып алды. Палатаның Бұланды филиалы сарапшыларының Сартай Нұрмағамбетовтың жобасын басынан бастап соңына дейін сүйемелдегенін атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер