«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еңбек еркіндік береді

2015 жылғы 27 Мамыр
- Жетісу облысы
15678 просмотров

Заречный ауылында орналасқан ЛА-155/8 колониясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлік басқармасы және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлері, және де бизнес-қоғамдастық өкілдеріне арналған өзінше бір «ашық есік күні» өткізілді.

Кәсіпкерлерге колонияда жеке бизнес ашу, кәсіпорындарға тапсырыс беру немесе жазасын өтеп жатқандар арасынан оңтайлы маман тауып алу ұсынылды. 

Колонияларда ол үшін бар жағдайдың жасалғанын айта кету керек. Көлемді өндірістік аумақтар, коммуникациялар, жабдық, ең бастысы – жұмыс қолы, және де кадрлардың жұмыс орнын да, жұмыс берушіні де ауыстырмайтынына кепілдік те бар. Барынша қауіпсіз ЛА-155/8 колониясында жазасын ұзақ уақыт – 10-25 жыл өтеуші тұтқындар отыр.

Дегенмен, қоныстанғандар арасынан тұратын орын берумен жұмыс күшін тартуға да болады. Мұнда бірнеше цех те жұмыс жасап тұр - балташылық, тігін, тас төсеуіш дайындау жөніндегі цех, наубайхана. Түзеу мекемесінің аумағында бос жатқан өнеркәсіп алаңдары да баршылық.

Тұтқындарды «Еңбек» РМК қамтамасыз етеді. Сотталғандардың барлық еңбек құқықтары мүлтіксіз сақталады. Ай сайын оларға 35 мың-45 мың теңге аралығындағы еңбекақы аударылып отырады. Сотталғандар жеке шотынан еңбекақысын аударып, отбасыларына көмектесе алады.

Бизнес әлеуеті зор. Кәсіпкерлер атап өткендей, мұндай кездесулер нәтижелі болады. Алайда бизнесмендер пенитенциарлық жүйемен әріптестік қосымша заңнамалық жаңалықтарға зәру.

«Заңда салмақты өзгертулер жасалу керек деп есептейміз», - деп Қапшағай қаласының кәсіпкері Людмила Дроботова өз көзқарасын білдірді. – «Сотталғандардың жұмысбастылығын қамтамасыз ететін кәсіпкерлер үшін салық артықшылықтарын беру жайын ойлаған дұрыс».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер