«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Лизинг: салық төлеу заңсыз болған

2015 жылғы 27 Мамыр
- Жетісу облысы
18111 просмотров

Палата заңгерлері жан-жақты анықтама берді. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 365 бабына сәйкес лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады. Алайда аталмыш баптың 3 тармағы «шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген жеңіл және жүк көлік құралы бойынша көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайтынын» тікелей көрсетеді.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы аталмыш нормаға сілтеме жасай отырып, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік табыс департаментіне шаруа қожалықтарының лизингке алынған көлікке салық төлеу негіздемесінің заңдылығын түсіндіруді сұрап жүгінді.

Анықталғандай, Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік табыс басқармасы «Қайнар» ШҚ көлік құралы салығын заңсыз төлеткен. Осыған ұқсас деректерге жол бермеу мақсатында басқарма қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізді. Бүгінде шаруа қожалығының басшысы оларға төлеген салық сомасын толығымен қайтарып алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер