«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: Бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарын қолдануға үйрету қажет

2015 жылғы 31 Наурыз
- Жетісу облысы
11068 просмотров

Алматы облысының кәсіпкерлерін индустриялық-инновациялық бағдарлама жобаларына белсендірек тартып, ИИДМБ аясында көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары жайлы оларды кеңінен ақпараттандыру керек. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Талдықорғанда өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі отырысының барысында мәлімдеді.

«Кәсіпкерлерімізді мемлекеттік қолдау құралдарын қолдануға үйретуіміз керек. Бұл кәсіпкерлердің өз бизнестерін жетілдіру мүмкіндігін береді», - деді Тимур Құлыбаев.

ҰКП Басшысы Алматы облысында жүзеге асырылатын ИИДМБ жобаларының санын көбейтуді ұсынды. 

«Облыста жүзеге асырылатын Индустрияландыру картасының басымдылықты жобаларының тізімін саны жөнінен де, салалық қимада да айтарлықтай кеңейтуге болады деген ойдамын. Бұл өңірдегі жұмыс орындарын көбейтеді», - деп есептейді ҰКП Төралқа Төрағасы.

Оның ойынша, жергілікті бизнестің біршама белсендірек дамуына мүмкіндік беретін бағыттарға жұмылу қажет. Бірінші кезекте, бұл ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, туризм, логистика, қоймалық сақтау.

«Ауыл шаруашылық өнімдеріңіз Алматы нарығына делдалсыз түсер еді. Біз әкімдікпен және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен осы үшін ауыл шаруашылық кооперациясы бойынша пилоттық жоба жасаймыз деп келістік», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Алматы облысында индустриялық бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында 804 млрд теңге тұратын алты басымдылықты жобаны жүзеге асыру жалғасын табады. Облыс әкімдігінің деректері бойынша, пайдалануға берілетін кәсіпорындарда екі мың адамға жұмыс беріледі.

Талдықорғанда өткен жиналыс барысында индустриялық жобалар жайы ғана сөз болған жоқ. ҰКП басшылығы бизнеспен бірнеше жыл бойында өнімді өткізуге кепілдік беретін ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасасуды қолдайды.

«Бизнес ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасасу жүйесіне шығуда негізге алатын қол қойылған меморандумдар баршылық. Бүгінде Қаржы министрлігімен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен мемлекеттік сатып алулар саласында ұзақ мерзімдік келісім-шарттар туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деп қатысушыларды ақпараттандырды ҰКП Төралқа Төрағасы.

Тимур Құлыбаев ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жүйесі тартымдылығына мысал ретінде «Сұлтан» ЖШС фармацевтикалық зауытын келтірді. Аталмыш серіктестік алдағы бірнеше жылға өнімнің кепілдендірілген өткізілуін қамтамасыз етіп алған болатын.

ҰКП басшысы бизнеспен кездесу барысында бүгінде жасалған ұзақ мерзімдік келісім-шарттардың жаңа экономикалық интеграция жағдайында үлкен демеу болатынын түсіндірді.

«ИИЖМБ сияқты бағдарламалар, мемлекеттік сатып алулар жүйесі – бұл кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралдары. Біз Үкіметпен бірге жанасу нүктелерін және бұрыннан келе жатқан өндірістерді жетілдіруге көмектесетін ұстанымдарды табуға, әлемдік дағдарысқа қарамастан, бизнесіміздің тиімділігін көтеруге тиіспіз», - деп қорытты Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер