Мен country club мейрамханасында жалданбалы жұмыскермін. Мейрамхана Шымбұлақта орналасқан. Карантин енгізілген соң мейрамхана жабылды. Талғар ауданында жұмыссыз жатырмын. Көмек керек.
Сәлеметсіз бе! “Атамекен” ҰКП кәсіпкерлердің жеке жарнасы есебінен жұмыс істейді. Біз бизнестің мүддесін қорғау үшін құрылдық, бизнеске әсер ететін заңдарға құқықтық сараптама жүргіземіз.
Сізге жұмыс берушіге жүгіну керек. Егер жұмыс беруші жәрдемақыны алуға өтініш бермесе, өтінішті өзіңіз бере аласыз.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушы болып саналатын орта, шағын және микро бизнестің жұмыскерлеріне қарастырылған. Жұмыс беруші Жұмыспен қамтудың жергілікті органына “Электронды үкімет” веб-порталында “Электронды өтінім” беруі керек. Өтініштер негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау беру туралы шешім қабылдайды, ал “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлем жүргізетін жұмыскерлер тізімін қалыптастырады. (27.03-не өзекті ақпарат)
Біз туралы
Бизнесті қолдау
- Кәсіпкерлікті сервистік қолдау және КҚО
- Өңірлік іскер әйелдер кеңесі
- Дуальды оқыту
- Бизнес-нұсқаулық
- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік
- «Atameken Zhetysu» МҚҰ
- Планы закупок государственных органов
Бизнесті қорғау
Бос орындар