«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«KazArms» компаниясы сауытты шлемдердің жаңа түрін шығарды

2018 жылғы 21 Қыркүйек
8946 просмотров

Сауытты шлемдерді  және жеке сауытты қорғаныс заттарды шығаратын отандық тауар өндіруші «KAZ ARMS» ЖШС (Каз Армс) биыл алғаш рет Астанада өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауға қатысты да бірден республикалық кезеңге өтті.  

Қазақстандық кәсіпорын «Халыққа арналған үздік тауар» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені компания шығаратын тауарлардың бірегей ерекшелігі бар.

Компания 2015 жылы өзінің алғашқы өнімін – 2000 сауытты шлемді шығарды. Олар бір ай ішінде Ұлы Жеңіс күніне орай жасалды, дәл сол жылы Ұлы Жеңіс күніне 70 жыл толды. 2016 жылдан өндірушілер келесі мақсатқа – модернизацияға кірісті. Олар аукцион арқылы Ерейментау қаласынан 12 нысаннан құралған бос тұрған ескі әскери бөлімшені сатып алады.

 Жаңа нысанға көшу қажет болды, өйткені өндіріс қуаттылығын арттыру көзделді. Алайда бұл мақсатқа жету үшін еңбек пен қаражат керек болды.

 «Әскери бөлімшені алған соң біз оны бірден жөңдеуге кірістік. Барлығы өз қаражатымызға. Кірпіш жасайтын жабдықты сатып алып кондырдық, алайда 99% сатуға емес, сатып алынған ескі ғимараттарды жөндеуге кетті. Территорияның үлкен аумағын қалпына келтірдік. Барлық рұқсат құжаттарын жинап, өзіміз электр желісі, кәріз құбырларын өткіздік, су ұңғымасын бұрғыладық, цехтарға жылу беру үшін қазандық салдық, аймақты қоршадық. Бөлмелерге күрделі жөнде жүргіздік, онда қызметкерлерге арналған гардероб, жуыну бөлмелер, асхананы аштық», – деді компания директорының қаржы бойынша орынбасары Татьяна Кузнецова.  

Ерейментау қаласына мұндай кәсіпорынның болуы жаңа мүмкіндіктер ашты. Шамамен 150 адам, оның басым бөлігі қала тұрғындары жұмыспен қамтылды.  

 Кәсіпорынды кеңейту арқылы сауытты шлемдерді шығарумен қатар басқа да өнім: оқ өтпейтін кеудеше, щиттер, сауытты панельдер, соққыға қарсы щиттер, шлемдер мен костюмдерді шығара бастадық. Бір сөзбен айтқанда барлық мүмкіндіктерді қолға алынды.

 «2015 жылға дейін бізде шағын ғана өндіріс қуаты болды, сондай-ақ қол еңбегінде ресейлік әдісті қолдандық. 2016 жылы өндірісті кеңейтіп, еңбек процестерді барынша автоматтандыруға тырыстық», – деді Татьяна Борисовна.

Қазақстанда бронетехниканы және арнайы композициялық өнімдерді сынау, зерттеу мен өндіру бойынша заманауи, жоғары технологиялық автоматтандырылған кешенді құру – компанияның басты мақсатына айналды.

Компания цехтарын жаңа жабдықпен қамтыды. Жабдықты сатып алу мен жеткізу үшін Оңтүстік Корея өндірушілерімен келіссөздер жүргізілді.

 «Серіктестік орнатпас бұрын Оңтүстік Корея компаниясының өкілдері бізге келіп, комиссиясы өндірісті көрді, қаржылық мүмкіндіктерімізді сынады. Барлық процедуралардан кейін бізбен кореялық жабдықты әкелу, техноллогияны беру, сонымен қатар қызметкерлерді оқыту бойынша келісімшарт жасалды», – деді директордың көмекшісі.

Жеткізілім мен қызметкерлерді оқытудан басқа «KAZ ARMS» келісімшартқа жабдықты монтаждау мен іске қосу және жөндеу процедураларын қосты.

 Оңтүстік кореялық инженерлер зауыт қызметкерлерімен бірге жабдықтарды орнату және жөндеу жұмыстарымен айналысып, сондай-ақ өнімнің алғашқы партиясын шығара бастады. Бірінші партияның үлгілері алғашқы сыннан өтті – бұйымдарға көздеп ату процедурасы жасалды, осылайша сапа мен барлық нормаларға сай келу тексерілді.

Компания өнімі барлық тесттерді аккредиттелген зертханалардын өтеді. «KAZ ARMS» өнімі барлық қажетті сертификаттар мен сынақ хаттамаларға ие, жеке қорғану құралдары мен белсенді қорғаныс үшін қажет заманауи техникалық және пайдаланудың әлем талаптарына сәйкес келеді.

 Мұнынң бәріне компанияның «Қазақстанның үздік тауары» сапаның басты байқауында жеңіске жетуі дәлел.

«KAZ ARMS» Оңтүстік Кореямен келісімді 5 жылға жасады, осы уақыт аралығында шетелдік мамандар кәсіпорынға инспекциялық бақылау: жабдықты тексеру, өнімді сынау мен қазметкерлерді бақылау үшін 2-3 рет келеді.

Жаңа деңгейге көтерілген компания шетелдік нарыққа шығуды көздей бастады. ТМД мен Орта Азияда баламасы жоқ жеке сауытты қорғаныс заттарын жасайтын жоғары технологиялық ірі кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы өніммен Қазақстан Республикасын қарулы күштерін ғана емес сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан сынды ТМД мен Орта Азияның басқа да мемлекеттерін қамтамасыз етуге дайын. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сүйене отырып «KAZ ARMS» ЖШС өнімді жаппай экспортқа шығару бойынша алдына міндеті қойып отыр.

Қазіргі таңда компания соққыға қарсы шлемдер мен қалқандар, қорғаныш қалқаншалар топтамасы (соққыға қарсы костюмдер),  қалқан жилеттер, сауытты панельдер мен щиттер, тіпті сөмкелер мен акессуарларды шығаруды игеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 Өндірісте кіретін шикізат материалдарын сынақтан өткізуден бастап, дайын өнімді өрттен және операциялық сынақтан өткізумен аяқтап сапаны тексерудің көпдеңгейлі тұрақты бақылауы бар.

Сауытты шлемдерді шығару үдерісі толық циклдан мен бірнеше кезеңнен тұрады. Адами факторды жою мен өндірісті ұлғайтуға баса назар аударылған. Зауытта 10 пресс бар, оны 2 оператор басқарады. Айта кетелік, бұрынырақ 10 сауытты шлемді жасау үшін 10 қызметкер керек болатын. Өндірісті автоматтандырғаннан кейін еңбек ресурсын 5 есе қысқартуға мүмкіндік туды. Уақыт та үнемделді – өндірісте 1 сауытты дайындауға 30 минут жұмсалатын болды. Күніне 300-ден астам шлем жасалуда. Ал сауытты шлемдердің жарамдылық мерзімі 10 жылдан аспау керек, пайдалану уақыты – 5 жыл.

 «Бізде өндірістің толық циклы орындалады: маталарды пішуден бастап, дайын өнімді шығарғанға дейін. Мата пішіліп, белгіленген тәртіп бойынша қабат-қабат жайылады, ары қарай автоматтандырылған престеу, механикалық өңдеу, бүгу, жинау, лазерлі таңбалау мен дайын өнімді автоматты бояу жүргізіледі. Өндірістің әрі кезеңінде сапа бақылауы қарастырылған. Барлық материал оңтүстік кореялық. Сондықтан барлық уақыт логистика мен оларды жеткізуге кетеді. Қазіргі таңда барлық өнім мәскеулік зертханада сынақтан өтіп, сонда сертификат алып, сатылымға жіберіледі. Бұл үдеріс те ыңғайсыз, компаниямыз үшін қосымша шығын, әрі жеделділікті жоғалтып отырмыз», – деді «KazArms» ЖШС бас директордың орынбасары Илья Пивоваров.

Илья Пивоваров жаңа өнім түрлері туралы айтып кетті. Компания бір орында тұрмай, үнемі нарықты зерттейді. Илья өз көптеген көрмелер мен шетелдік өндірістерге жиі барады.

Қазіргі таңда компания өкілдері ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастыратын әскери мүлік бойынша барлық халықаралық көрмелерге және шетелдік іссапар-презентацияларға қатысады.

V Халықаралық «KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік» көрмесінде «KAZ ARMS» ЖШС салмағы небәрі 1 келіге жетпейтін жеңіл сауытты шлемнің жаңа әзірлемесін және «Болашақ сарбаз» жабдықтау талаптарына сай келетін сауытты шлемдерді жаңғыртудың модулярлы жүйесімен таныстырды.

«АРМИЯ-2018» Халықаралық әскери-техникалық форум барысында «KAZ ARMS» ЖШС жеке сауытты қорғаныстың жаңа әзірлемелерін таныстырып, Ресей Федерациясының Ұлттық гвардия әскерлерінің Федералдық қызметі басшылығы мен ТМД елдері қарулы күштері, дүниежүзілік өндірушілер мен жеке қорғаныс құралдарын сынаушылар тарапынан жоғары баға алды.

«KAZ ARMS» ЖШС өзінің әзірлемесі ретінде бетті қорғау детальдары бар сауытты шлемдерді таныстыруға дайын. Кәдімгі шлемнің салмағы 1,7 келіге дейін барады. Компания 1 келіге дейін жеңіл шлемдерді әзірледі.   

Сауытты шлемдерді модернизациялау шлемнің эргономикалық, пайдаланушылық және қорғау сипаттамаларын жоғарылату мақсатында әзірленіп жатыр. Сарапшының айтуынша шлемді тапсырыс берушінің талғамына қарай түрлі модификацияда жасауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер