«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Business Connect: туризмдегі мүмкіндіктер

2018 жылғы 03 Мамыр
- Жетісу облысы
4877 просмотров

Кәсіпкерлердің пікірінше, әр азамат туған өлкесі табиғатын аялау керек

«Тау Жетісу» кешенінде Кәсіпкерлер палатасының жастар бизнесін қолдауға, тәжірибе алмасу және кәсіпкерлер арасындағы байланысты арттыруға  бағытталған «Business Connect» атты жобасы аясында екінші кездесу өтті.  

Жастар және журналистермен өткен кездесуге «Тау Жетісу» кешенінің негізін қалаушы, «Алға» спорт клубының жетекішісі, Экстремалды спорт федерациясының басшысы Игорь Виршки және Top travel турситік компаниясының директоры Табиғат Әбілпейісов қатысты. Бизнесмендер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы Спорт және туризм комитетінің мүшелері болып табылады.

 Бүгінде Игорь Виршкиді Алматы облысында ғана емес, бүкіл әлем таниды. Игорь Қазақстандағы жетекші парапланеристің бірі. Ол он шақты спортшыны баптап, елімізде экстремалды спорт түрлерін насихаттауда, туризмді дамытуда аянбай еңбек етуде. Бұрын әсери болған Игорь Виршкиге өр мінез бен табандылық бизнесте пайдасын тигізді.

 

 «90-шы жалдардан кейін алдымда таңдау тұрды: Ресейде әскери қызметті жалғастыру немесе Қазақстанға оралу. Мен екіншісін таңдадым да, туған өлкеде кәсіп бастауды ұйығардым. Ол уақытта табыс табу қиын болды. Әсіресе туризмді дамыту оңайға түспеді», – деп еске алды кәсіпкер.

Туған өңірдің әсем табиғаты мен бойындағы кәсіпқойлығы арқасында кәсіпкер «Тау Жетісу» туристік кешенін Текелі қаласы маңында салады. Қысқа мерзімде кешен демалудың айтулы орнына айналады.

«Біз жұмысты енді бастадық деп ойлаймын. Сондықтан инфрақұрылымға, сервис пен мамандар дайындауға күш салып отырмыз. Бедел үшін еңбектенудеміз. Демалысқа қойлайлы жағдай жасау маңызды. Бізге басқа өңірлерден ғана емес, ТМД, Азия және Еуропадан да қонақтар келеді», – деді Игорь Виршки.

Жыл сайын кешенге 25-30 мың адам келеді. Кәсіпкер сонымен қатар «Алға» спорт клубына басшылық етеді және еліміз бойынша экстремалды спорт, аэротуризмді дамытып отыр. Биыл Виршки елімізде парапланерлық спортта дәлме-дәл қону бойынша Әлем кубогын ұйымдастырды. Кубок аталған кешенде 4-6 мамыр аралағында өтеді. Спорт жарысына 15 мемлекеттен 100 спортшы келеді деп күтілуде.

Business Connect  кездесуінде сөз сөйлеген «Top Travel» ЖШС директоры Табиғат Әбілпейісов бизнесті 22 жасында бастағанын айтты.

 

 «Мектепте оқып жүргенімізде биология пәні мұғалімі бізді қоршаған ортаны аялауға баулыды. Мұғалима  туризмді жақсы көрді әрі бізді жиі көкке шығаратын. Біз сөмкелерімзді асынып алып, табиғатты қуана зерттейтінбіз. Менің арманым заңгер болу еді, ол уақытта заң саласы беделге ие болған. Алайда әкем туризм саласын таңдауымды қалады. Нархозды аяқтаған соң мен Алматыдағы бір туризм компаниясына жұмысқа тұрдым. Кейін отбасылық және өмірлік жағдайларға байланысты Талдықорғанға қайтып келдім. Осы жерде туризмді қолға алдым», – деді кәсіпкер.

Жеке компанияны кәсіпкер 2008 жылы ашып, қазақстандықтарды Қытайға апарумен айналысты. Кейін тасымалдар ауқымы артып, енді Top Travelмен Қазақстанның кез келген жерінде, әлемнің кез келген нүктесіне баруға болады.

 «Бірінші кезекте туризммен айналысу үшін адам бұл саланы жақсы білуі шарт, сонымен қатар көп қиындықтар да кездеседі, соған дайын болу керек. Туризм саласында үлкен бәсекелестік бар, бірақ мүмкіндіктер де зор. Бизнестің барлық саласындағыдай кәсіпкерлер «мини-банкир» болуы керек», – деді Табиғат Әбілпейісов.

Биыл Top Travel 10 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Кәсіпкерлер кәсіп бастағысы келетін жастарға несие алуға бейімденбей, өз күшіне сенуге шақырды.

Кездесу барысында бизнестегі сервис, менеджмент, мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіпкерлердің заң жобаларын әзірлеуге, консультациялық-кеңес беру органдар жұмысына қатысуы мәселелері талқыланды.

 «Жалпы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бастап бизнестің көп мәселесі шешіле бастады, даму жолында кедергілер азайтылды. Бүгінде «Атамекен» бизнестің сенімді серіктесі болды деп ойлаймын. Бұл ұйым әрқашан бізді біріктіріп, кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығын қорғайтын болады», – деді Табиғат Әбілпейісов.

 Айта кетелік, Business Connect-тің бірінші кездесуі La Flamma мейрамханасының құрылтайшысының бірі, жас кәсіпкер Дәурен Серікұлының қатысуымен наурыз айында өткен болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер